SNMP агенті және нысан идентификаторлары

2024 ж. 29 наурыз

ID 207517

Kaspersky Security Center бағдарламасы үшін SNMP агенті, Басқару серверін орнату кезінде орнатушы тіркейтін klsnmpag.dll динамикалық кітапханасы түрінде іске асырылған. SNMP агенті snmp.exe процесінің ішінде жұмыс істейді (Windows қызметі болып табылады). Үшінші тарап бағдарламалары Басқару сервері өнімділігінің статистикасын алу үшін SNMP протоколын қолданады (есептегіштер түрінде ұсынылған).

Әрбір есептегіштің бірегей нысан индентификаторы бар (сондай-ақ, бұдан әрі OID, object identifier). Нысан идентификаторы – нүктелермен бөлінген сандар бірізділігі. Басқару сервері нысандарының идентификаторлары 1.3.6.1.4.1.23668.1093 префиксінен басталады. Есептегіш OID – осы префиксті есептегішті сипаттайтын суффикске қосу. Мысалы, OID мәні 1.3.6.1.4.1.23668.1093.1.1.4 болып табылатын есептегіш суффиксінің мәні 1.1.4.

Сіз SNMP клиентін (мысалы, Zabbix) жүйеңіздің күйін бақылау үшін қолдана аласыз. Ақпарат алу үшін, сіз OID мәнін тауып, осы мәнді өзіңіздің SNMP клиентіңізге енгізе аласыз. Содан соң, сіздің SNMP клиентіңіз сізге жүйеңіздің күйін сипаттайтын басқа мәнді қайтарады.

Есептегіштер тізімі және есептегіштер түрлері Басқару серверіндегі adminkit.mib файлында. MIB дегеніміз – Management Information Base. Сіз .mib файлдарын есептегіштің мәндерін сұрауға және көрсетуге арналған MIB Viewer бағдарламасы көмегімен импорттап, талдай аласыз.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.