Виртуалды Басқару сервері

2024 ж. 29 наурыз

ID 30636

Виртуалды Басқару сервері (бұдан әрі – виртуалды Сервер) — ұйым-клиенттің желісін басқаруға арналған Kaspersky Security Center бағдарламасының құрамдасы.

Виртуалды Басқару сервері қосалқы Басқару серверінің жеке жағдайы болып табылады және физикалық Басқару серверімен салыстырғанда келесі негізгі шектеулерге ие:

  • Виртуалды Басқару сервері тек негізгі Басқару серверінің құрамында ғана жұмыс істей алады.
  • Виртуалды басқару сервері жұмыс істеген кезде негізгі Басқару серверінің негізгі дерекқорын пайдаланады. Деректерді сақтық көшірмелеу және қалпына келтіру тапсырмаларына, сондай-ақ жаңартуларды тексеру және жүктеу тапсырмаларына виртуалды Басқару серверінде қолдау көрсетілмейді.
  • Виртуалды сервер үшін қосалқы Басқару серверлерін (соның ішінде виртуалды) құруға қолдау көрсетілмейді.

Сонымен қатар, виртуалды Басқару серверінде келесі шектеулер бар:

  • Виртуалды Серверінің сипаттары терезесінде бөлімдер жиынтығы шектеулі.
  • Виртуалды Сервер басқаратын клиент құрылғыларына "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын қашықтан орнату мақсатында, виртуалды Сервермен байланысу үшін клиент құрылғыларының біріне Желілік агент орнатылуы қажет. Виртуалды Басқару серверіне алғаш қосылған кезде бұл құрылғы автоматты түрде тарату нүктесі ретінде тағайындалады және виртуалды Басқару сервері мен клиент құрылғыларының қосылым шлюзі рөлін атқарады.
  • Виртуалды Басқару сервері желіде тарату нүктелері арқылы ғана сауалнама өткізе алады.
  • Өнімділігі бұзылған виртуалды Серверді қайта іске қосу үшін Kaspersky Security Center бағдарламасы негізгі Басқару серверін және барлық виртуалды Серверлерді қайта іске қосады.
  • Виртуалды серверде жасалған пайдаланушыларға басқару серверінде рөлдерді тағайындау мүмкін емес.

Виртуалды Сервер әкімшісі осы виртуалды Сервердің шеңберінде барлық құқықтарға ие.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.