Kaspersky Security Center туралы

2024 ж. 29 наурыз

ID 3396

Бұл бөлімде Kaspersky Security Center мақсаты, өзекті мүмкіндіктері мен құрамдастары, сондай-ақ Kaspersky Security Center сатып алу тәсілдері туралы ақпарат беріледі.

Онлайн-анықтамадағы ақпарат, бағдарламаға қоса берілген құжаттар жиынтығының құрамына кіретін құжаттардағы ақпараттан өзгеше болуы мүмкін. Бұл жағдайда, онлайн-анықтамадағы ақпарат өзекті болып саналады. Онлайн-анықтамаға бағдарлама интерфейсіне кіріктірілген сілтемелер немесе құжаттамадағы сілтеме арқылы өтуге болады. Онлайн-анықтама хабарландырусыз жаңартылуы мүмкін. Қажет болса, онлайн-анықтама мен офлайн-анықтама арасында ауысуыңызға болады.

Kaspersky Security Center бағдарламасы ұйымның желісін қорғау жүйесін басқару және қызмет көрсету жөніндегі негізгі тапсырмаларды орталықтандырылған шешуге арналған. Бағдарлама, әкімшіге ұйым желісінің қауіпсіздік деңгейі туралы егжей-тегжейлі ақпаратқа қатынасуға мүмкіндік береді және "Лаборатория Касперского" бағдарламалары негізінде құрылған қорғаныстың барлық құрамдастарын конфигурациялауға мүмкіндік береді.

Kaspersky Security Center бағдарламасы ұйымдардың желі әкімшілеріне және ұйымдардағы құрылғыларды қорғауға жауапты қызметкерлерге арналған.

Kaspersky Security Center көмегімен сіз:

  • Өзіндікұйымның желісін, сондай-ақ қашықтағы кеңселердің немесе клиенттік ұйым-клиенттердің желілерін басқару үшін Басқару серверлерінің иерархиясын қалыптастыру.

    Мұндағы Ұйым-клиенттер дегеніміз – провайдер антивирустық қорғанысты қамтамасыз ететін ұйымдар.

  • Клиент құрылғылары жиынтығын тұтастай басқару үшін басқару топтарының иерархиясын құру.
  • "Лаборатория Касперского" бағдарламалары негізінде құрылған антивирустық қауіпсіздік жүйесін басқару.
  • Операциялық жүйелердің кескіндерін орталықтандырылған түрде жасау және оларды желі арқылы клиент құрылғыларына орналастыру, сонымен қатар "Лаборатория Касперского" және басқа да бағдарламалық жасақтама өндірушілерінің бағдарламаларын қашықтан орнату.
  • Клиент құрылғыларында орнатылған "Лаборатория Касперского" және басқа өндірушілердің бағдарламаларын қашықтан басқару: жаңартуларды орнату, осалдықтарды іздеу және түзету.
  • "Лаборатория Касперского" бағдарламаларының лицензиялық кілттерін клиент құрылғыларына орталықтан тарату, кілттердің қолданылуын бақылау және лицензиялардың жарамдылық мерзімін ұзарту.
  • Бағдарламалар мен құрылғылардың жұмысы туралы статистика мен есептер алу.
  • "Лаборатория Касперского" бағдарламаларының жұмысындағы маңызды оқиғалар туралы хабарландырулар алу.
  • Ұялы құрылғыларды басқару.
  • Құрылғының қатты дискілерінде және алынбалы дискілерде сақталған ақпаратты шифрлауды және пайдаланушылардың шифрланған деректерге қатынасуын басқару.
  • Ұйымның желісіне қосылған жабдықтарды түгендеу.
  • Қауіпсіздік бағдарламалары карантинге немесе сақтық көшірмелеуге орналастырылған файлдармен, сондай-ақ қауіпсіздік бағдарламалары өңдеуді кейінге қалдырған файлдармен орталықтандырылған түрде жұмыс істеу.

Kaspersky Security Center бағдарламасын "Лаборатория Касперского" арқылы (мысалы, https://www.kaspersky.ru сайтында) немесе серіктес компаниялар арқылы сатып алуға болады.

Kaspersky Security Center бағдарламасын "Лаборатория Касперского" арқылы сатып алсаңыз, бағдарламаны біздің сайттан жүктеп алуға болады. Бағдарламаны іске қосу үшін қажетті ақпарат төлем жасалғаннан кейін сізге электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Бұл бөлімде:

Аппараттық және бағдарламалық талаптар

Қолдау көрсетілмейтін операциялық жүйелер мен платформалар

"Лаборатория Касперского" үйлесімді бағдарламалары мен шешімдері

Kaspersky Security Center 14.2 лицензиялары мен мүмкіндіктері

Басқару сервері мен Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінің үйлесімділігі туралы

Kaspersky Security Center нұсқаларын салыстыру: Windows негізінде және Linux негізінде

Kaspersky Security Center Cloud Console туралы

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.