Бағдарламаларды ұйым-клиент құрылғыларына орнату үшін қажетті шарттар

2024 ж. 29 наурыз

ID 38045

Ұйым-клиенттің құрылғыларына бағдарламаларды қашықтан орнату процесі ұйым ішіндегі бағдарламаларды қашықтан орнату процесіне сәйкес келеді.

Ұйым-клиенттің құрылғыларына бағдарламаларды орнату үшін келесі шарттарды орындау қажет:

  • Ұйым-клиенттің құрылғыларына бағдарламаларды бірінші рет орнатудың алдында, оларға Желілік агент орнату қажет.

    Kaspersky Security Center бағдарламасында провайдердің Желілік агентінің орнату пакетін орнату кезінде орнату пакетінің сипаттары терезесінде келесі параметрлерді конфигурациялау қажет:

    • Қосылым бөлімінде Басқару сервері жолында Желілік агентті тарату нүктесіне жергілікті орнатқан кездегідей виртуалды Басқару серверінің мекенжайын көрсету қажет.
    • Кеңейтілген бөлімінде Басқару серверіне байланыс шлюзі арқылы қосылу жалаушасын қойыңыз. Қосылым шлюзінің мекенжайы жолында тарату нүктесінің мекенжайын көрсету керек. Құрылғының мекенжайы ретінде Windows желісіндегі IP мекенжайын немесе құрылғының атауын пайдалануға болады.
  • Желілік агенттің орнату пакетін жүктеу тәсілі ретінде Тарату нүктелерінің көмегімен операциялық жүйенің құралдарымен тармағын таңдау керек. Жүктеу тәсілі келесідей таңдалады:
    • Бағдарламаларды қашықтан орнату тапсырмаларын пайдаланып орнатқан кезде жүктеу тәсілін екі жолмен таңдауға болады:
      • Параметрлер терезесінде қашықтан орнату тапсырмасын жасау кезінде;
      • Параметрлер бөлімінде қашықтан орнату тапсырмасы сипаттары терезесінде.
    • Бағдарламаларды қашықтан орнату шебері арқылы орнатқан кезде жүктеу тәсілін Параметрлер шебері терезесінде таңдауға болады.
  • Тарату нүктесі жұмыс істейтін есептік жазба клиент құрылғыларындағы Admin$ ресурсына қатынаса алуы керек.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.