Клиент құрылғысы мен Басқару серверінің арасындағы қосылымды қолмен тексеру. klnagchk утилитасы

2024 ж. 29 наурыз

ID 3912

Сіз klnagchk утилитасы арқылы қосылымды тексеріп, клиент құрылғысының Басқару серверіне қосылу параметрлері туралы толық ақпарат ала аласыз.

Желілік агент құрылғыға орнатылған кезде, klnagchk утилитасы автоматты түрде Желілік агент орнату қалтасына көшіріледі.

Пәрмен жолынан іске қосылған кезде klnagchk утилитасы қолданылатын кілттерге байланысты келесі әрекеттерді орындайды:

  • Құрылғыда орнатылған Желілік агентті Басқару серверіне қосу параметрлерінің мәндерін экранға шығарады немесе оқиғалар журналының файлына енгізеді.
  • Желілік агенттің статистикасын (соңғы іске қосылған сәттен бастап) және утилитаның нәтижелерін оқиғалар журналының файлына жазады немесе ақпаратты экранға шығарады.
  • Желілік агент пен Басқару сервері арасындағы байланысты орнатуға әрекет жасайды.

    Егер байланыс орнатылмаса, утилита Басқару сервері орнатылған құрылғының күйін тексеру үшін ICMP пакетін жібереді.

klnagchk утилитасын пайдалану арқылы клиент құрылғысы мен Басқару сервері арасындағы байланысты тексеру үшін,

құрылғыда klnagchk утилитасын пәрмен жолынан іске қосыңыз.

Утилитаның пәрмен жолының синтаксисі:

klnagchk [-logfile <файл атауы>] [-sp] [-savecert <сертификат файлына апаратын жол>] [-restart]

Кілттердің сипаттамалары:

  • -logfile <файл атауы> – Желілік агентті Серверге қосу параметрлерінің мәндерін және утилитаның нәтижелерін журнал файлына жазып алу.

    Әдепкі бойынша, ақпарат стандартты шығару ағынында (stdout) сақталады. Егер кілт қолданылмаса, параметрлер, нәтижелер мен қате туралы хабарлар экранға шығады.

  • -sp – прокси-сервердегі пайдаланушының түпнұсқалық растамасы үшін құпиясөзді көрсету.

    Басқару серверіне қосылу прокси-сервер арқылы жүзеге асырылса, параметр қолданылады.

  • -savecert <файл атауы> – көрсетілген файлдағы Басқару серверіне қатынасудың түпнұсқалық растамасы үшін сертификатты сақтау.
  • -restart – утилита аяқталғаннан кейін Желілік агентті қайта іске қосу.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.