Клиент құрылғысы мен Басқару сервері арасындағы қосылымды туннельдеу

2024 ж. 29 наурыз

ID 45925

Kaspersky Security Center бағдарламасы Басқару консолінен TCP қосылымдарын Басқару сервері арқылы және одан әрі Желілік агент арқылы басқарылатын құрылғыдағы белгіленген портқа туннельдеуге мүмкіндік береді. Туннельдеу, егер Басқару консолі бар құрылғыны құрылғыға тікелей қосу мүмкін болмаса, Басқару консолі орнатылған құрылғыдағы клиент қолданбасын басқарылатын құрылғыдағы TCP портына қосу үшін қолданылады.

Атап айтқанда, туннельдеу қашықтағы жұмыс үстеліне қосылу үшін қолданылады: бұрыннан бар сессияға қосылу үшін де, жаңа қашықтағы сессияны құру үшін де.

Сондай-ақ, туннельдеуді сыртқы құралдар механизмі арқылы пайдалануға да болады. Атап айтқанда, әкімші осылайша putty утилитасын, VNC клиентін және басқа құралдарды іске қоса алады.

Қашықтағы клиент құрылғысы мен Басқару сервері арасындағы байланысты туннельдеу, құрылғыда Басқару серверіне қосылуға арналған порт қолжетімді болмаған кезде қажет. Құрылғыдағы порт келесі жағдайларда қолжетімді болмауы мүмкін:

  • Қашықтағы құрылғы NAT механизмі қолданылатын жергілікті желіге қосылған.
  • Қашықтағы құрылғы Басқару серверінің жергілікті желісіне кіреді, бірақ оның порты желілік экранмен жабылған.

Клиент құрылғысының Басқару серверіне қосылуын туннельдеу үшін:

  1. Консоль ағашында клиент құрылғысы кіретін топ қалтасын таңдаңыз.
  2. Құрылғылар қойыншасында құрылғыны таңдаңыз.
  3. Құрылғының мәнмәтіндік мәзірінен Барлық тапсырмалар → Байланысты туннельдеу тармағын таңдаңыз.
  4. Ашылған Байланысты туннельдеу терезесінде туннель жасаңыз.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.