Реттелмелі құралдармен жұмыс

2024 ж. 29 наурыз

ID 55366

Kaspersky Security Center бағдарламасы сыртқы құралдар (бұдан әрі – құралдар) – Реттелмелі құралдар контекстік мәзірі тобы арқылы Басқару консолінен клиент құрылғысы үшін шақырылатын бағдарламалар тізімін құрастыруға мүмкіндік береді. Әрбір құрал үшін тізімнен жеке мәзір пәрмені жасалады және оның көмегімен Басқару консолі құралға сәйкес келетін бағдарламаны іске қосады.

Бағдарлама әкімшінің жұмыс станциясында іске қосылады. Пәрмен жолының аргументтері ретінде бағдарлама қашықтағы клиент құрылғысының атрибуттарын қабылдай алады (NetBIOS атауы, DNS атауы, IP мекенжайы). Қашықтағы құрылғыға қосылу туннельді қосылым арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Әрбір клиент құрылғысы үшін әдепкі бойынша сыртқы құралдар тізімінде келесі сервистік бағдарламалар бар:

  • Қашықтан диагностикалау – Kaspersky Security Center қашықтан диагностикалау утилитасы.
  • Қашықтағы жұмыс үстелі – Microsoft Windows "Қашықтағы жұмыс үстеліне қосылу орындалуда" стандартты құрамдасы.
  • Компьютерді басқару – Microsoft Windows стандартты құрамдасы.

Сыртқы құралдарды қосу немесе жою және олардың параметрлерін өзгерту үшін,

Таңдалған құрылғының контекстік мәзірінде Реттелмелі құралдар → Реттелмелі құралдарды конфигурациялау тармағын таңдаңыз.

Реттелмелі құралдар терезесі ашылады. Бұл терезеде Қосу және Өзгерту түймелері арқылы сыртқы құралдарды қосуға немесе олардың параметрлерін өзгертуге болады. Сыртқы құралдарды жою үшін қызыл кірес белгішесі () бар жою түймесін басыңыз.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.