Kaspersky CompanyAccount арқылы техникалық қолдау

2024 ж. 29 наурыз

ID 68417

Kaspersky CompanyAccount – бұл "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын қолданатын ұйымдарға арналған портал. Kaspersky CompanyAccount порталы пайдаланушылардың "Лаборатория Касперского" мамандарымен электрондық сұрау салу арқылы өзара іс-қимыл жасауына арналған. Kaspersky CompanyAccount порталында электрондық сұрауларды "Лаборатория Касперского" мамандары тарапынан өңдеу күйін қадағалап, электрондық сұраулардың тарихын сақтауға болады.

Сіз өзіңіздің ұйымыңыздың барлық қызметкерлерін бір Kaspersky CompanyAccount есептік жазбасының шеңберінде тіркей аласыз. Бір есептік жазба, сізге тіркелген қызметкерлерден "Лаборатория Касперского" ұйымына жіберілген электронды сұрауларды орталықтан басқаруға, сондай-ақ Kaspersky CompanyAccount порталында осы қызметкерлердің құқықтарын басқаруға мүмкіндік береді.

Kaspersky CompanyAccount порталы келесі тілдерде қолжетімді:

  • ағылшын тілі;
  • испан тілі;
  • итальян тілі;
  • неміс тілі;
  • поляк тілі;
  • португал тілі;
  • орыс тілі;
  • француз тілі;
  • жапон тілі.

Kaspersky CompanyAccount туралы толығырақ Техникалық қолдау қызметі веб-сайтынан біле аласыз.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.