Сертификаттарды шығару ережелерін конфигурациялау
Сертификаттар Басқару серверінде құрылғылардың түпнұсқалық растамасын жасау үшін қолданылады. Барлық басқарылатын ұялы құрылғылардың сертификаттары болуы тиіс. Сертификаттарды шығару тәсілін конфигурациялауға болады.
Сертификаттарды шығару ережелерін конфигурациялау үшін:
- Ұялы құрылғыларды басқару қалтасындағы консоль шежіресінен Сертификаттар салынған қалтасын таңдаңыз.
- Сертификаттар қалтасының жұмыс аймағында, Сертификат беру ережелерін конфигурациялау түймесі арқылы Сертификаттарды шығару ережелері терезесін ашыңыз.
- Сертификат түрінің атауы бар бөлімге өтіңіз:
Ұялы құрылғы сертификаттарын шығару – мобильдік құрылғыларға арналған сертификаттар шығаруды конфигурациялау үшін.
Пошталық сертификаттарды шығару – пошталық сертификаттарды шығаруды конфигурациялау үшін.
VPN сертификаттарын шығару – VPN сертификаттарын шығаруды конфигурациялау үшін.
- Шығару параметрлері блогында сертификатты шығаруды конфигурациялаңыз:
- Сертификаттың күндердегі жарамдылық мерзімін көрсетіңіз.
- Сертификаттардың көзін таңдаңыз (Басқару сервері немесе Сертификаттар қолмен белгіленеді).
Әдепкі бойынша, сертификаттардың көзі болып Басқару сервері таңдалған.
- Сертификаттар үлгісін белгілеңіз (Әдепкі үлгі, Басқа үлгі).
Үлгілер конфигурациясы, PKI жүйесімен интеграциялау бөлімінде жалпыға ортақ кілттер инфрақұрылымымен біріктіру мүмкіндігі конфигурацияланған болса, қолжетімді болады.
- Автоматты жаңартулар параметрлері блогында сертификатты автоматты түрде жаңартуды конфигурациялаңыз:
- Сертификат (күннен) кейін аяқталған кезде келесіні жаңартыңыз блогында мерзімі біткенге дейін қалған қанша күн ішінде сертификатты жаңарту керектігін көрсетіңіз.
- Сертификаттарды автоматты түрде жаңартуды қосу үшін Мүмкін болса, сертификатты автоматты түрде қайта шығару жалаушасын қойыңыз.
- Құпиясөзбен қорғау блогында сертификаттарды шифрсыздау кезінде құпиясөзді қолдануды қосыңыз және конфигурациялаңыз.
Құпиясөзбен қорғау тек ұялы құрылғылар үшін ғана қолжетімді.
- Сертификатты орнату кезінде құпиясөзді сұрау жалаушасын қойыңыз.
- Сырғақтың көмегімен, шифрлауға арналған құпиясөзде таңбалардың ең көп санын конфигурациялаңыз.
- OK түймесін басыңыз.