iOS MDM және EAS құрылғыларын басқаруға арналған топтық саясаттар туралы

2024 ж. 29 наурыз

ID 89392

iOS MDM және EAS құрылғыларын басқару үшін сіз Kaspersky Security Center бағдарламасының жеткізу жиынтығына кіретін Kaspersky Device Management for iOS басқару плагинін қолдана аласыз. Kaspersky Device Management for iOS басқару плагині, iPhone Configuration Utility және Exchange ActiveSync басқару профилін пайдаланбай, iOS MDM және EAS құрылғыларының конфигурациялық параметрлерін конфигурациялау үшін топтық саясаттарды жасауға мүмкіндік береді.

iOS MDM және EAS құрылғыларын басқаруға арналған топтық саясаттар әкімшіге келесі мүмкіндіктер береді:

  • EAS құрылғыларын басқару үшін:
    • құрылғының құлпын ашу үшін құпиясөз параметрлерін конфигурациялау;
    • құрылғыда деректерді шифрланған түрде сақтауды конфигурациялау;
    • корпоративтік поштаны синхрондау параметрлерін конфигурациялау;
    • ұялы құрылғылардың аппараттық функцияларын, мысалы, алынбалы жетектерді, камераны қолдануды, Bluetooth қолдануды конфигурациялау;
    • құрылғыда ұялы құрылғыларды қолдану үшін шектеулерді конфигурациялау.
  • iOS MDM құрылғыларын басқару үшін:
    • құрылғыда құпиясөзді қолданудың қауіпсіздік параметрлерін конфигурациялау;
    • құрылғының аппараттық функцияларын қолдануға қойылатын шектеулерді, сондай-ақ ұялы құрылғыларды орнатуға, жоюға қойылатын шектеулерді конфигурациялау;
    • құрылғыда кіріктірілген ұялы қолданбаларды, мысалы, YouTube, iTunes Store немесе Safari қолдану үшін шектеулерді конфигурациялау;
    • құрылғының орналасқан өңірі бойынша медиаконтентті (мысалы, фильмдер және тв-шоу) қарауға қойылатын шектеулерді конфигурациялау;
    • құрылғыны интернетке прокси-сервер арқылы қосу параметрлерін конфигурациялау (Глобалды HTTP-прокси);
    • пайдаланушы корпоративтік бағдарламалар мен сервистерге қатынасу мүмкіндігіне ие бола алатын (бірыңғай кіру) бірыңғай есептік жазба параметрлерін конфигурациялау;
    • ұялы құрылғыларда интернеттің қолданылуын бақылау (веб-сайттарға кіру);
    • әртүрлі түпнұсқалық растама тетіктері мен желілік протоколдарды қолдану арқылы сымсыз желілердің (Wi-Fi), қатынасу нүктелерінің (APN), виртуалды жеке желілердің (VPN) параметрлерін конфигурациялау;
    • фотосуреттер, музыка және бейнені ағынмен жіберу үшін AirPlay құрылғыларына қосылу параметрлерін конфигурациялау;
    • құрылғыдағы құжаттарды сымсыз тәсілмен басып шығару үшін AirPrint принтерлеріне қосылу параметрлерін конфигурациялау;
    • Microsoft Exchange серверімен синхрондау параметрлерін, сондай-ақ құрылғыларда корпоративтік поштаны қолдану үшін пайдаланушылардың есептік жазбаларын конфигурациялау;
    • LDAP каталогтар қызметімен синхрондау үшін пайдаланушының есептік жазбаларын конфигурациялау;
    • CalDAV және CardDAV сервистеріне қосылу үшін пайдаланушының есептік жазбаларын конфигурациялау, соның арқасында пайдаланушы корпоративтік күнтізбелер мен контактілер тізімін пайдалана алады;
    • пайдаланушы құрылғысында iOS интерфейсінің параметрлерін конфигурациялау, мысалы, таңдаулы веб-сайттарға арналған қаріптер немесе белгішелер;
    • құрылғыға жаңа қауіпсіздік сертификаттарын қосу;
    • құрылғының Сертификаттау орталығынан сертификаттарды автоматты түрде алуы үшін SCEP сервері (Simple Certificate Enrollment Protocol) параметрлерін конфигурациялау;
    • ұялы қолданбалардың жұмыс істеуі үшін өзіндік параметрлерді қосу.

iOS MDM және EAS құрылғыларын басқару саясатының ерекшелігі, ол iOS MDM сервері мен Exchange ActiveSync Ұялы құрылғылар серверін (бұдан әрі - "ұялы құрылғылар серверлері") қамтитын басқару тобына тағайындалады. Осы саясатта берілген барлық параметрлер алдымен ұялы серверлерге, содан кейін сол серверлер басқаратын ұялы құрылғыларға таратылады. Басқару топтарының иерархиялық құрылымын қолданған жағдайда, ұялы құрылғылардың қосалқы серверлері ұялы құрылғылардың басты серверлерінен саясат параметрлерін алады және оларды ұялы құрылғыларға таратады.

Kaspersky Security Center Басқару консолі арқылы iOS MDM және EAS құрылғыларын басқару үшін топтық саясатты пайдалану туралы қосымша ақпаратты Kaspersky Security for Mobile анықтамасынан қараңыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Ұялы құрылғыларды басқаруды орналастыру

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.