iOS MDM сервері

2024 ж. 29 наурыз

ID 92389

iOS MDM сервері оларға мамандандырылған iOS MDM-профильдерін орнату арқылы iOS-құрылғыларды басқаруға мүмкіндік береді. Келесі функцияларға қолдау көрсетіледі:

  • құрылғыны бұғаттау;
  • құпиясөзді бастапқы қалпына келтіру;
  • құрылғының деректерін жою;
  • қолданбаларды орнату немесе жою;
  • қосымша параметрлері бар iOS MDM-профильді пайдалану (мысалы, VPN, пошта, Wi-Fi, камера параметрлері, сертификаттар және тағы басқасы).

iOS MDM сервері TLS-портына (әдепкі бойынша 443 порты) ұялы құрылғылардан кіріс қосылымдарды қабылдайтын және Желілік агент арқылы Kaspersky Security Center тарапынан басқарылатын веб-қызмет болып табылады. Желілік агент жергілікті түрде iOS MDM сервері орналастырылған құрылғыға орнатылады.

iOS MDM серверін орналастыру процесінде әкімшіге келесі әрекеттерді орындау қажет:

  • Желілік агенттің Басқару серверіне қатынасын қамтамасыз ету;
  • ұялы құрылғылардың iOS MDM серверінің TCP-портына қатынасын қамтамасыз ету.

Бұл бөлімде iOS MDM серверінің екі типтік конфигурациялары қарастырылған.

Бұл бөлімде:

Типтік конфигурация: демилитаризацияланған аймақтағы Kaspersky Device Management for iOS

Типтік конфигурация: ұйымның жергілікті желісіндегі iOS MDM сервері

Сондай-ақ, қараңыз:

Негізгі орнату сценарийі

Kaspersky Security Center қолданатын порттар

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.