Kaspersky Fraud Prevention for Endpoints операциялық жүйені зиянды бағдарламалар бар-жоғына тексереді. Тексеру келесі жағдайларда орындалады:
Kaspersky Fraud Prevention for Endpoints белсенді емес зиянды бағдарламаларды автоматты түрде емдейді.
Белсенді зиянды бағдарламаны тапқаннан кейін Kaspersky Fraud Prevention for Endpoints фондық режимде пайдаланылатын дерекқорлар мен бағдарламалық модульдердің жаңартылғанын тексереді. Тексеруден кейін Белсенді зиянды бағдарлама анықталды терезесі ашылады. Терезеде зақымдалған файл орны мен табылған зиянды бағдарлама атауына қатысты ақпарат болады.
Белсенді зиянды бағдарламаны емдеу үшін, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Экранда Белсенді зақымдалған элемент емделуде хабары пайда болады. Емдеу кезінде операциялық жүйе блокталады. Қажет болғанда бағдарлама автоматты түрде дерекқорлар мен бағдарламалық модульдерді тауып, жаңартады. Емдеу аяқталған кезде компьютер автоматты түрде қайта іске қосылады.
Емдеу нәтижесінде зақымдалған файл жазылуы, жойылуы не карантинге орнатылуы мүмкін.
Қорғалған шолғыш терезесі ашылады. Терезе жақтауының түсті индикациясы сары түске өзгереді, бұл қорғаныс деңгейінің төмеуін білдіреді.
Бағдарлама компьютерді қайта іске қоспай-ақ, белсенді зиянды бағдарламаны жою әрекетін орындауда. Зиянды бағдарлама сәтті жойылса, шолғыш жақтауының түсті индикациясы жасыл түске өзгертіледі. Қайта іске қосусыз емдеу сәтсіз аяқталса, Kaspersky Fraud Prevention for Endpoints компьютерді келесі рет іске қосқан кезде белсенді зиянды бағдарламаны емдейді.