Желі құрылымы және оның құрамына кіретін құрылғылар туралы ақпаратты Басқару сервері AWS API, Azure API немесе Google API арқылы бұлттық сегменттерде тұрақты түрде сауалнама өткізу арқылы алады. Алынған ақпарат негізінде Kaspersky Security Center басқарылатын құрылғылар мен Басқарылатын құрылғылар қалталарының құрамы мен мазмұнын жаңартады. Құрылғыларды басқару топтарына автоматты түрде жылжытуды конфигурациялаған болсаңыз, желіде анықталған құрылғылар басқару топтарының құрамына қосылады.
Басқару сервері бұлттық сегменттерде сауалнама жүргізе алуы үшін, IAM рөлі немесе IAM пайдаланушысы есептік жазбасы (AWS-те) қамтамасыз ететін тиісті құқықтар, қолданба идентификаторы және құпиясөз (Azure-да) немесе Google клиенті электрондық поштасының мекенжайы, Google жобасының идентификаторы және жеке кілт (Google Cloud-та) керек.
Қосылымдарды қосуға және жоюға, сондай-ақ әрбір бұлттық сегмент үшін сауалнама кестесін конфигурациялауға болады.