Пайдаланылған лицензиялық кілттер туралы ақпаратты қарап шығу үшін:
Консоль ағашында «Лаборатория Касперского» лицензиялары қалтасын таңдаңыз.
Қалтаның жұмыс аймағында клиент құрылғыларында қолданылатын лицензиялық кілттердің тізімі көрсетіледі.
Әрбір лицензиялық кілттің жанында оны пайдалану түріне сәйкес келетін белгіше көрсетіледі:
Клиент құрылғысындағы бағдарламаны белсендіру үшін қандай лицензиялық кілттер қолданылатыны туралы ақпаратты клиент құрылғысының сипаттар терезесінің Бағдарламалар бөлімінен көре аласыз.
Виртуалды Басқару серверінің лицензиялық кілттерінің өзекті параметрлерін анықтау үшін Басқару сервері тәулігіне бір реттен сиретпей Kaspersky белсендіру серверлеріне сұрау жібереді. Жүйелік DNS арқылы серверлерге қатынасу мүмкін болмаса, бағдарлама жалпыға ортақ DNS серверлерін пайдаланады.
Лицензия кілті клиент құрылғысынан алынған болса, оны файл түрінде экспорттау мүмкін емес.