Басқару серверін тыныш режимде орнатуға болады, яғни орнату параметрлерін интерактивті түрде енгізбестен.
Жергілікті құрылғыда Басқару серверін тыныш режимде орнату үшін:
setup.exe /s /v"DONT_USE_ANSWER_FILE=1 EULA=1 PRIVACYPOLICY=1 <setup_parameters
>"
мұндағы setup_parameters
– бір-бірінен бос орынмен бөлінген параметрлер мен олардың мәндерінің тізімі (PARAM1=PARAM1VAL PARAM2=PARAM2VAL
). Setup.exe файлы Kaspersky Security Center дистрибутивінің ішіндегі Server қалтасында орналасқан.
Басқару серверін тыныш режимде орнату кезінде қолдануға болатын параметрлердің аттары мен ықтимал мәндері төмендегі кестеде келтірілген.
Басқару серверін тыныш режимде орнату параметрлері
Параметрдің атауы |
Параметрдің сипаттамасы |
Қолжетімді мәндері |
---|---|---|
EULA |
Лицензиялық келісімнің шарттарымен келісу. |
|
PRIVACYPOLICY |
Құпиялық саясатының шарттарымен келісу. |
|
INSTALLATIONMODETYPE |
Басқару серверін орнату түрі. |
|
INSTALLDIR |
Басқару серверін орнату қалтасына апаратын жол. |
Жол мәні. |
ADDLOCAL |
Орнатуға арналған Басқару сервері құрамдастарының тізімі (үтір арқылы). |
CSAdminKitServer, NAgent, CSAdminKitConsole, NSAC, MobileSupport, KSNProxy, SNMPAgent, GdiPlusRedist, Microsoft_VC90_CRT_x86, Microsoft_VC100_CRT_x86. Басқару серверін дұрыс орнату үшін жеткілікті құрамдастардың минималды тізімі:
|
NETRANGETYPE |
Желінің өлшемі (желідегі құрылғылар саны). |
|
SRV_ACCOUNT_TYPE |
Басқару сервері қызмет ретінде іске қосылатын есептік жазбаны белгілеу тәсілі. |
|
SERVERACCOUNTNAME |
Басқару сервері қызмет ретінде іске қосылатын есептік жазбаның атауы. SRV_ACCOUNT_TYPE=SrvAccountUser болса, параметр мәнін белгілеу керек. |
Жол мәні. |
SERVERACCOUNTPWD |
Басқару сервері қызмет ретінде іске қосылатын есептік жазбаның құпиясөзі. SRV_ACCOUNT_TYPE=SrvAccountUser болса, параметр мәнін белгілеу керек. |
Жол мәні. |
SERVERCER |
Басқару серверінің сертификатына арналған кілттің ұзындығы (бит түрінде). |
|
DBTYPE |
Басқару серверінің ақпараттық дерекқорын орналастыру үшін пайдаланылатын дерекқордың түрі. Бұл параметр міндетті болып саналады. |
|
MYSQLSERVERNAME |
SQL Server толық атауы. DBTYPE=MySQL болса, параметр мәнін белгілеу керек. |
Жол мәні. |
MYSQLSERVERPORT |
SQL серверіне қосылуға арналған порт нөмірі. DBTYPE=MySQL болса, параметр мәнін белгілеу керек. |
Сандық мән. |
MYSQLDBNAME |
Басқару сервері деректерін орналастыру үшін жасалатын дерекқор атауы. DBTYPE=MySQL болса, параметр мәнін белгілеу керек. |
Жол мәні. |
MYSQLACCOUNTNAME |
Дерекқорға қосылуға арналған есептік жазба атауы. DBTYPE=MySQL болса, параметр мәнін белгілеу керек. |
Жол мәні. |
MYSQLACCOUNTPWD |
Дерекқорға қосылуға арналған есептік жазба құпиясөзі. DBTYPE=MySQL болса, параметр мәнін белгілеу керек. |
Жол мәні. |
MSSQLSERVERNAME |
SQL Server толық атауы. DBTYPE=MSSQL болса, параметр мәнін белгілеу керек. |
Жол мәні. |
MSSQLDBNAME |
Дерекқор атауы. DBTYPE=MSSQL болса, параметр мәнін белгілеу керек. |
Жол мәні. |
MSSQLAUTHTYPE |
SQL серверіне қосылу кезінде авторизация түрі. DBTYPE=MSSQL болса, параметр мәнін белгілеу керек. |
|
MSSQLACCOUNTNAME |
SQL серверіне қосылуға арналған есептік жазба атауы. MSSQLAUTHTYPE=SQLServer болса, параметр мәнін белгілеу керек. |
Жол мәні. |
MSSQLACCOUNTPWD |
SQL серверіне қосылуға арналған есептік жазба құпиясөзі. MSSQLAUTHTYPE=SQLServer болса, параметр мәнін белгілеу керек. |
Жол мәні. |
CREATE_SHARE_TYPE |
Ортақ қатынасы бар қалтаны белгілеу тәсілі. |
|
SHARELOCALPATH |
Жергілікті қалтаға апаратын жол. Параметр мәнін белгілеу керек, егер CREATE_SHARE_TYPE=Create |
Жол мәні. |
SHAREFOLDERNAME |
Ортақ қатынасы бар қалтаның желілік атауы. CREATE_SHARE_TYPE=Create болса, параметр мәнін белгілеу керек. |
Жол мәні. |
EXISTSHAREFOLDERNAME |
Қолданыстағы ортақ қатынасы бар қалтаға апаратын толық жол. CREATE_SHARE_TYPE=ChooseExisting болса, параметр мәнін белгілеу керек. |
Жол мәні. |
SERVERPORT |
Басқару серверіне қосылуға арналған порт нөмірі. |
Сандық мән. |
SERVERSSLPORT |
SSL протоколын пайдаланып Басқару серверіне қауіпсіз қосылуға арналған порт нөмірі |
Сандық мән. |
SERVERADDRESS |
Басқару сервері мекенжайы. |
Жол мәні. |
MOBILESERVERADDRESS |
Ұялы құрылғыларды қосу үшін Сервер мекенжайы. |
Жол мәні. |
Басқару серверін орнату параметрлері Таңдаулы орнатылым бөлімінде егжей-тегжейлі сипатталған.