APNs сертификатын iOS MDM серверіне орнату
APNs сертификатын алғаннан кейін, APNs сертификатын iOS MDM серверіне орнату қажет.
APNs сертификатын iOS MDM серверіне орнату үшін:
- Мобильді құрылғыларды басқару қалтасындағы консоль шежіресінен Ұялы құрылғылардың серверлері салынған қалтасын таңдаңыз.
- Ұялы құрылғылардың серверлері қалтасының жұмыс аймағында iOS MDM серверін таңдаңыз.
- iOS MDM серверінің контекстік мәзірінен Сипаттар тармағын таңдаңыз.
iOS MDM сервері сипаттары терезесі ашылады.
- iOS MDM сервері сипаттары терезесінде Сертификаттар бөлімін таңдаңыз.
- Сертификаттар бөлімінде, Apple push-хабарландыруының сертификаты параметрлері блогында Орнату түймесін басыңыз.
- APNs сертификаты бар PFX пішіміндегі файлды таңдаңыз.
- APNs сертификатын экспорттау кезінде көрсетілген жеке кілттің құпиясөзін енгізіңіз.
Нәтижесінде, APNs сертификаты iOS MDM серверіне орнатылады. Сертификат туралы ақпарат Сертификаттар бөліміндегі iOS MDM серверінің сипаттары терезесінде көрсетіледі.
Басына оралу