APNs сертификатыңыз бұрыннан бар болса, жаңасын жасаудың орнына, оны жаңартыңыз. APNs сертификатын жаңадан жасалған сертификатқа ауыстыру кезінде, Басқару сервері қазіргі сәтте қосылған iOS ұялы құрылғыларын басқара алмай қалады.
Сертификатқа қол қоюды сұрауды (бұдан әрі - CSR сұрауы) жасау үшін, APNs сертификатын алу шеберінің бірінші қадамында болашақ сертификаттың жеке бөлігі (private key) құрылғының жедел жадында сақталады. Сол себепті, шебердің барлық қадамдары бағдарламамен жұмыстың бір сессиясы шеңберінде аяқталуы тиіс.
APNs сертификатын алу үшін:
Мобильді құрылғыларды басқару қалтасындағы консоль шежіресінен Ұялы құрылғылардың серверлері салынған қалтасын таңдаңыз.
Ұялы құрылғылардың серверлері қалтасының жұмыс аймағында iOS MDM серверін таңдаңыз.
Дербес Apple ID қолдану ұсынылмайды. Бөлек Apple ID жасап, оны корпоративтік идентификатор ретінде қолданыңыз. Жасалған Apple ID-ді жекелеген қызметкердің емес, ұйымның пошта жәшігіне байлаңыз.
CSR сұрауыңыз Apple Inc. тарапынан өңделгеннен кейін, сіз APNs сертификатының жария бөлігін алатын боласыз. Алынған файлды дискіге сақтаңыз.
APNs сертификатын CSR сұрауын қалыптастыру кезінде жасалған жеке кілтпен бірге PFX пішіміндегі файлға экспорттаңыз. Бұл үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
Жаңа APNs сертификатын сұрау терезесінде CSR аяқтау түймесін басыңыз.
Ашылған Ашу терезесінде, CSR сұрауы Apple Inc. тарапынан өңделгеннен кейін алынған сертификаттың жария бөлігімен бірге файлды таңдап, Ашу түймесін басыңыз.
Сертификатты экспорттау іске қосылады.
Ашылған терезеде жеке кілтке арналған құпиясөзді енгізіп, ОК түймесін басыңыз.
Белгіленген құпиясөз APNs сертификатын iOS MDM серверіне орнату үшін қолданылады.
Ашылған APNs сертификатын сақтау терезесінде APNs сертификатын сақтауға арналған файл атауын көрсетіп, ол сақталатын қалтаны таңдап, Сақтау түймесін басыңыз.
Сертификаттың жеке және жария бөліктері біріктіріледі, APNs сертификаты PFX пішіміндегі файлға сақталады. Содан кейін, сіз iOS MDM серверіне APNs сертификатын орната аласыз.