Пайдаланушылар тобын өзгерту
Қауіпсіздік тобын өзгерту үшін:
- Қолданбаның негізгі терезесінде Пайдаланушылар және рөлдер → Пайдаланушылар және топтар бөліміне өтіп, Топтар қойындысын таңдаңыз.
- Өзгерту қажет қауіпсіздік тобын таңдаңыз.
- Ашылған терезеде қауіпсіздік тобының параметрлерін өзгертіңіз:
- Жалпы қойындысында Атауы және Сипаттама параметрлерін өзгертуге болады. Бұл параметрлер тек ішкі қауіпсіздік топтары үшін қолжетімді.
- Пайдаланушылар қойындысында пайдаланушыларды қауіпсіздік тобына қосуға болады. Бұл параметрлер тек ішкі пайдаланушыларға және ішкі қауіпсіздік топтарына қолжетімді.
- Рөлдер қойындысында қауіпсіздік тобына рөл тағайындай аласыз.
- Өзгерістерін сақтау үшін Сақтау түймесін басыңыз.
Өзгерістер қауіпсіздік тобына қолданылды.
Басына оралу