Пайдаланушылардың есептік жазбаларын ішкі қауіпсіздік топқа қосу
Ішкі пайдаланушылар есептік жазбаларын тек ішкі қауіпсіздік тобына қосуға болады.
Пайдаланушылардың есептік жазбаларын қауіпсіздік тобына қосу үшін:
- Бағдарламаның негізгі терезесінде Пайдаланушылар және рөлдер → Пайдаланушылар және топтар бөліміне өтіп, Пайдаланушылар қойындысын таңдаңыз.
- Қауіпсіздік тобына қосқыңыз келетін пайдаланушылардың есептік жазбаларына қарама-қарсы жалаушаларды белгілеңіз.
- Топты тағайындау түймесін басыңыз.
- Топты тағайындау ашылған терезесінде пайдаланушылардың есептік жазбаларын қосу қажет қауіпсіздік тобын таңдаңыз.
- Сақтау түймесін басыңыз.
Пайдаланушылардың есептік жазбалары қауіпсіздік тобына қосылған. Ішкі пайдаланушыларды қауіпсіздік тобына топ параметрлері арқылы да қосуға болады.
Басына оралу