iOS MDM протоколы бойынша басқару жүйесін орналастыру

Kaspersky Security Center қызметі iOS негізіндегі мобильдік құрылғыларды басқаруға мүмкіндік береді. iOS MDM құрылғылары — iOS MDM серверіне қосылған, басқару сервері арқылы басқарылатын iOS мобильдік құрылғылары.

Ұялы құрылғыларды iOS MDM серверіне қосу келесі ретпен жүзеге асырылады:

  1. Әкімші iOS MDM серверін орнатады
  2. Әкімші Apple Push Notification Service сертификатын (APNs сертификатын) алады.

    APNs сертификаты Басқару серверіне iOS MDM құрылғыларына push хабарландыруларын жіберу үшін APNs серверіне қосылуға мүмкіндік береді.

  3. Әкімші iOS MDM серверінде APNs сертификатын орнатады.
  4. Әкімші iOS мобильді құрылғысының пайдаланушысы үшін iOS MDM профилін жасайды.

    iOS MDM профилінде iOS ұялы құрылғыларын Басқару серверіне қосуға арналған параметрлердің жиынтығы бар.

Профильді орнатқаннан және iOS MDM мобильді құрылғысын Басқару серверімен синхрондағаннан кейін, құрылғы консоль ағашының Мобильді құрылғыларды басқару қалтасында кірістірілген Мобильді құрылғылар қалтасында көрсетіледі.

Бұл бөлімде:

iOS MDM серверін орнату

iOS MDM серверін тыныш режимде орнату

iOS MDM серверін орналастыру схемалары

Жеңілдетілген орналастыру схемасы

Kerberos Constrained Delegation (KCD) мәжбүрлеп табыстауын қолдана отырып орналастыру схемасы

APNs сертификатын алу

APNs сертификатын жаңарту

iOS MDM серверінің резервтік сертификатын конфигурациялау

APNs сертификатын iOS MDM серверіне орнату

Apple Push Notification сервисіне қатынасты конфигурациялау

Ұялы құрылғыға жалпы сертификат беру және орнату

Басына оралу