Kaspersky Security Center Linux Web Server

2024 ж. 27 маусым

ID 155181

Kaspersky Security Center Linux веб-сервері (бұдан әрі Веб-сервер) – Kaspersky Security Center Linux құрамдасы. Веб-сервер жеке орнату пакеттерін және ортақ қатынасы бар қалтадағы файлдарды жариялау үшін қолданылады.

Құрылған орнату пакеттері Веб-серверде автоматты түрде жарияланады және бірінші рет жүктегеннен кейін жойылады. Әкімші қалыптастырылған сілтемені пайдаланушыға кез келген ыңғайлы тәсілмен, мысалы, электрондық пошта арқылы жібере алады.

Алынған сілтеме арқылы, пайдаланушы ұялы құрылғыға арналған ақпаратты жүктей алады.

Веб-серверді конфигурациялау

Веб-Сервердің сипаттарында Веб-серверді дәл конфигурациялау үшін HTTP (8060) және HTTPS (8061) протоколдарының порттарын ауыстыруға болады. Сондай-ақ, порттарды ауыстырудан бөлек, HTTPS протоколы үшін серверлік сертификатты ауыстыруға және HTTP протоколы үшін веб-сервер FQDN атауын ауыстыруға болады.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.