Саясатты жасау

2024 ж. 27 маусым

ID 166295

Сіз саясаттар жасай аласыз; қолданыстағы саясаттарды өзгертуге немесе жоюға да болады.

Саясат жасау үшін:

  1. Қолданбаның негізгі терезесінде Активтер (құрылғылар) → Саясат және профильдер бөліміне өтіңіз.
  2. Қосу түймесін басыңыз.

    Бағдарламаны таңдаңыз терезесі ашылады.

  3. Саясат жасауды қажет ететін қолданбаны таңдаңыз.
  4. Келесі түймесін басыңыз.

    Жалпы қойыншасында жаңа саясат параметрлері терезесі ашылады.

  5. Қаласаңыз, әдепкі бойынша белгіленген келесі саясат параметрерін өзгерте аласыз: атауы, күйі және иелену.
  6. Бағдарлама параметрлері қойындысын таңдаңыз.

    Не болмаса, шығу үшін Сақтау түймесін басыңыз. Саясат саясаттар тізіміне пайда болып, сіз оның сипаттарын кейінірек өзгерте аласыз.

  7. Бағдарлама параметрлері қойыншасының сол жағында, сізге қажетті бөлімді таңдап, нәтижелер тақтасында саясат параметрлерін өзгертіңіз. Сіз әрбір бөлімдегі саясат параметрлерін өзгерте аласыз.

    Параметрлер жиынтығы, сіз саясат жасап жатқан қолданбаға байланысты. Толығырақ ақпарат келесі дереккөздерде келтірілген:

    Басқа қауіпсіздік қолданбаларының параметрлері туралы толығырақ білу үшін тиісті қолданбаның құжаттамасын қараңыз.

    Өзгерістерді болдырмау үшін Бас тарту түймесін басуға болады.

  8. Саясат өзгерістерін сақтау үшін Сақтау түймесін басыңыз.

Нәтижесінде, қосылған саясат саясаттар тізімінде көрсетіледі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: "Лаборатория Касперского" қолданбаларын орналастыру

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.