Есептерді жеткізу тапсырмасын жасау

2024 ж. 27 маусым

ID 176430

Барлығын жаю | Барлығын жию

Таңдалған есептерді жеткізу тапсырмасын жасауға болады.

Есептерді жеткізу тапсырмасын жасау үшін:

  1. Қолданбаның негізгі терезесінде Бақылау және есеп беруЕсептер бөліміне өтіңіз.
  2. Есептерді жеткізу тапсырмасын жасағыңыз келетін есеп үлгілерінің жанына жалаушаларды қойыңыз.
  3. Жеткізу тапсырмасын жасау түймесін басыңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады. Шебердің жұмысын жалғастыру үшін Келесі түймесін басыңыз.

  4. Шебердің Жаңа тапсырма параметрлері қадамында тапсырманың атауын енгізіңіз.

    Әдепкі тапсырма атауы – Есептерді жеткізу болып табылады. Егер аттас тапсырма бұрыннан бар болса, тапсырма атауына сериялық нөмір қосылады (<N>).

  5. Шебердің Есеп конфигурациясы қадамында келесі параметрлерді көрсетіңіз:
    1. Тапсырма арқылы жіберілетін есеп үлгілері.
    2. Есеп пішімі: HTML, XLS немесе PDF.

      wkhtmltopdf құралы есепті PDF пішіміне түрлендіру үшін қажет. PDF параметрі таңдалғанда, Басқару сервері wkhtmltopdf утилитасы құрылғыда орнатылғанын тексереді. Құрал орнатылмаған болса, қолданба оны Басқару серверінде орнату қажет екендігі туралы хабарламаны көрсетеді. Құралды қолмен орнатып, келесі қадамға өтіңіз.

    3. Есептер электрондық пошта арқылы жіберіле ме, сондай-ақ пошта хабарландыруларының параметрлері.

      Сіз ең көбі 20 электрондық пошта мекенжайын енгізе аласыз. Электрондық пошта мекенжайларын бөлу үшін Enter пернесін басыңыз. Сондай-ақ, үтірмен бөлінген электрондық пошта мекенжайларының тізімін қойып, Enter пернесін бассаңыз да болады.

    4. Есептер қалтаға сақталады ма, сол қалтада бұрын сақталған есептер қайта жазыла ма және қалтаға қатынасу үшін бөлек есептік жазба қолданыла ма (ортақ қатынасы бар қалта үшін).
  6. Шебердің Тапсырма кестесін конфигурациялау қадамында тапсырманы іске қосу кестесін таңдаңыз.

    Тапсырманы іске қосу кестесінің келесі нұсқалары қолжетімді:

    • Қолмен
    • N минут сайын
    • N сағат сайын
    • N күн сайын
    • N апта сайын
    • Ай сайын
    • Белгіленген күндері
    • Вирустық шабуылды анықтағанда
    • Басқа тапсырманы аяқтағанда
  7. Шебердің осы қадамында тапсырманы іске қосу кестесінің басқа параметрлерін конфигурациялаңыз:
    • Тапсырма кестесі бөлімінде бұрын таңдалған кестені тексеріңіз немесе қайта конфигурациялаңыз және кезеңді, ай немесе апта күндерін орнатыңыз, вирус шабуылының шартын немесе тапсырманы іске қосу ретінде басқа тапсырманың орындалуын белгілеңіз. Бұл бөлімде қолайлы кесте таңдалған болса, басталу уақытын да көрсетуге болады.
    • Қосымша параметрлер бөлімінде келесі параметрлерді көрсетіңіз:
      • Өткізіп алынған тапсырмаларды іске қосу
      • Тапсырманы бастау үшін автоматты түрде араластырылған кідірісті пайдалану
      • Тапсырманы бастауға арналған келесі аралықтағы автоматты кездейсоқ кідірісті пайдалану
      • Тапсырма мынанша уақыттан көбірек орындалып жатса, оны тоқтату
  8. Шебердің Тапсырманы іске қосу үшін есептік жазбаны таңдау қадамында тапсырманы іске қосу үшін пайдаланылатын есептік жазба деректерін көрсетіңіз.
  9. Егер тапсырманың басқа параметрлерін ол жасалғаннан кейін өзгерту қажет болса, шебердің Тапсырманы жасауды аяқтау қадамында Жасап болған соң, тапсырма туралы мәліметтерді ашу параметрін қосыңыз. Әдепкі бойынша, параметр қосулы.
  10. Тапсырма жасау және шеберді жабу үшін Аяқтау түймесін басыңыз.

Есепті жіберу тапсырмасы жасалады. Жасап болған соң, тапсырма туралы мәліметтерді ашу параметрі қосылса, тапсырма параметрлері терезесі ашылады.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.