Құрылғыларға және пайдаланушыларға бағытталған қауіпсіздікті басқару тәсілдемелері

2024 ж. 19 шілде

ID 179989

Қауіпсіздік параметрлерін құрылғының функциялары мен пайдаланушы рөлдері жайғасымынан басқаруға болады. Бірінші тәсілдемесі құрылғыларға бағытталған қауіпсіздікті басқару, екіншісі тәсілдемесі пайдаланушыларға бағытталған қауіпсіздікті басқару деп аталады. Қолданбалардың әртүрлі параметрлерін әртүрлі құрылғыларға қолдану үшін, сіз тіркесімдегі бір немесе екі басқару түрін қолдана аласыз.

Құрылғыға бағытталған қауіпсіздікті басқару құрылғының ерекшеліктеріне байланысты басқарылатын құрылғыларға қауіпсіздік қолданбасының әртүрлі параметрлерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, әртүрлі басқару топтарында орналасқан құрылғыларға әртүрлі параметрлерді қолдануға болады.

Пайдаланушыға бағытталған қауіпсіздікті басқару қауіпсіздік қолданбаларының әртүрлі параметрлерін әртүрлі пайдаланушы рөлдеріне қолдануға мүмкіндік береді. Сіз бірнеше пайдаланушы рөлдерін жасай аласыз, әр пайдаланушыға сәйкес келетін пайдаланушы рөлін тағайындай аласыз және әртүрлі рөлдері бар пайдаланушыларға тиесілі құрылғылар үшін әртүрлі қолданба параметрлерін анықтай аласыз. Мысалы, қолданбалардың әртүрлі параметрлерін бухгалтерлердің құрылғыларына және кадрлар бөлімі мамандарының құрылғыларына қатысты қолдануға болады. Пайдаланушыларға бағытталған қауіпсіздікті басқаруды енгізу нәтижесінде, әрбір бөлім – бухгалтерия бөлімі мен кадрлар бөлімі – "Лаборатория Касперского" қолданбаларымен жұмыс істеуге арналған параметрлердің өзіндік конфигурациясын алады. Параметрлер конфигурациясы қолданбаның қандай параметрлерін пайдаланушылар өзгерте алатынын, ал қайсысын әкімші мәжбүрлеп орнатып, бұғаттай алатынын анықтайды.

Пайдаланушыларға бағытталған қауіпсіздікті басқару жекелеген пайдаланушылар үшін белгіленген қолданба параметрлерін қолдануға мүмкіндік береді. Бұл, қызметкерге ұйымда бірегей рөл тағайындалса немесе белгілі бір қызметкерге қатысты қауіпсіздік мәселелерін бақылау керек болса, қажет болуы мүмкін. Бұл қызметкердің компаниядағы рөліне байланысты, қолданбаның параметрлерін өзгерту үшін, оның құқықтарын кеңейтуге немесе қысқартуға болады. Мысалы, жергілікті кеңседе клиент құрылғыларын басқаратын жүйелік әкімшінің құқықтарын кеңейту қажет болуы мүмкін.

Сондай-ақ, сіз пайдаланушыларға бағытталған және құрылғыларға бағытталған қауіпсіздікті басқару тәсілдемелерін біріктіре аласыз. Мысалы, әрбір басқару тобы үшін әртүрлі саясаттарды конфигурациялауға, содан кейін ұйымыңыздың бір немесе бірнеше пайдаланушы рөлі үшін саясат профильдерін қосымша түрде жасауға болады. Бұл жағдайда, саясаттар мен саясат профильдері келесі тәртіпте қолданылады:

  1. Құрылғыларға бағытталған қауіпсіздікті басқару үшін жасалған саясаттар қолданылады.
  2. Олар саясат профильдерінің параметрлеріне сәйкес саясат профильдерімен түрлендіріледі.
  3. Саясаттар пайдаланушы рөлдерімен байланысты саясат профильдерімен түрлендіріледі.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.