Үшінші тарап қауіпсіздік қолданбаларын алмастыру

2024 ж. 27 маусым

ID 180093

"Лаборатория Касперского" қауіпсіздік қолданбаларын Kaspersky Security Center Linux құралдарымен орнату үшін, орнатылатын қолданбамен үйлеспейтін үшінші тарап қолданбасын жою қажет болуы мүмкін. Kaspersky Security Center Linux, үшінші тарап қолданбаларын жоюдың бірнеше тәсілін ұсынады.

Қолданбаны қашықтан орнатуды кезінде үйлесімсіз қолданбаларды жою

Қорғанысты орналастыру шеберінде қауіпсіздік қолданбасын қашықтан орнату кезінде Үйлесімді емес бағдарламаларды автоматты түрде жою параметрін қосуға болады. Егер бұл параметр қосулы болса, Kaspersky Security Center Linux қолданбасы басқарылатын құрылғыға қауіпсіздік қолданбасын орнатпас бұрын, үйлесімсіз қолданбаларды жояды.

Үйлесімсіз қолданбаларды бөлек тапсырма арқылы жою

Үйлесімсіз қолданбаларды жою үшін Бағдарламаны қашықтан жою тапсырмасы қолданылады. Тапсырма қауіпсіздік қолданбасын орнату тапсырмасынан бұрын, құрылғыларда іске қосылуы керек. Мысалы, орнату тапсырмасында Басқа тапсырманы аяқтағанда түріндегі кестені таңдауға болады, онда басқа тапсырма Бағдарламаны қашықтан жою тапсырмасы болып табылады.

Бұл жою тәсілі, қауіпсіздік қолданбасы инсталляторы үйлесімсіз қолданбалардың ешқайсысын сәтті жоя алмаған жағдайда қолданылғаны жөн.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.