Жаңартуларды орнату үшін ережелер қосу

2024 ж. 19 шілде

ID 182798

Барлығын жаю | Барлығын жию

Бұл функционалдық, Осалдықтар мен патчтарды басқаруға арналған лицензия болған кезде қолжетімді.

Қажетті жаңартуларды орнату және осалдықтарды түзету тапсырмасы арқылы бағдарламалық жасақтама жаңартуларын орнатқанда немесе қолданбаның осалдықтарын түзету кезінде жаңартуды орнату ережелерін көрсету керек. Бұл ережелер орнатылатын жаңартуларды және түзетілетін осалдықтарды анықтайды.

Нақты параметрлер барлық Windows Update жаңартулары үшін немесе үшінші тарап қолданбалық жасақтамасының жаңартулары үшін ереже қосатыныңызға байланысты (яғни "Лаборатория Касперского" немесе Microsoft шығармаған қолданбалар). Windows Update жаңартулары немесе үшінші тарап қолданбаларының жаңартулары үшін ереже қосқанда, жаңартуларды орнатқыңыз келетін қолданбалар мен қолданбалардың нұсқаларын таңдауға болады. Барлық жаңартулар үшін ереже қосқанда, сіз орнатылатын жаңартуларды және жаңартуларды орнату арқылы түзеткіңіз келетін осалдықтарды таңдай аласыз.

Жаңартуларды орнату ережесін келесі жолдармен қосуға болады:

Барлық жаңартулар үшін ережелер қосу

Барлық жаңартуларге ережені қосу үшін:

  1. Қосу түймесін басыңыз.

    Ережені жасау шебері іске қосылады. Шебердің жұмысын жалғастыру үшін Келесі түймесін басыңыз.

  2. Шеберің Ереже түрін таңдаңыз қадамында Барлық жаңартуларға арналған ереже тармағын таңдаңыз.
  3. Шебердің Жалпы критерийлер қадамында келесі параметрлерді көрсетіңіз:
    • Орнатылатын жаңартулар жиынтығы
    • Қауіптілік деңгейі келесіге тең не одан жоғарырақ осалдықтарды түзету

    Шебердің келесі қадамына өтіңіз.

  4. Орнатылатын жаңартуларды таңдау:
    • Барлық жарамды жаңартуларды орнату
    • Тек тізімдегі жаңартуларды орнату
      • Таңдалған жаңартуларды орнату үшін керек бағдарламалардың алдыңғы жаңартуларының барлығын автоматты түрде орнату

    Шебердің келесі қадамына өтіңіз.

  5. Көрсетілген жаңартуды орнатумен түзетілетін осалдықтарды таңдаңыз:
    • Қалған критерийлерге сай барлық осалдықтарды жабу
    • Тек тізімдегі осалдықтарды жабу

    Шебердің келесі қадамына өтіңіз.

  6. Қосып жатқан ереженің атауын енгізіңіз. Ереже атауын кейінірек, Бағдарлама параметрлері бөлімінде, жасалған тапсырманың сипаттары терезесінде өзгертуге болады.

Ереже жасалады, конфигурацияланады және Жаңа тапсырма жасау шебері ережелер кестесінде көрсетіледі.

Windows Update жаңартуларына ережені қосу

Windows Update жаңартуларына ережені қосу үшін:

  1. Қосу түймесін басыңыз.

    Ережені жасау шебері іске қосылады. Шебердің жұмысын жалғастыру үшін Келесі түймесін басыңыз.

  2. Windows Update жаңартуларына арналған ереже таңдаңыз.

    Шебердің келесі қадамына өтіңіз.

  3. Шебердің Жалпы критерийлер қадамында келесі параметрлерді көрсетіңіз:
    • Орнатылатын жаңартулар жиынтығы
    • Қауіптілік деңгейі келесіге тең не одан жоғарырақ осалдықтарды түзету
    • MSRC бойынша қауіптілік деңгейі келесіге тең не одан жоғарырақ осалдықтарды түзету
  4. Қолданбалар терезесінде жаңартуларды орнатқыңыз келетін қолданбалар мен қолданба нұсқаларын таңдаңыз. Әдепкі бойынша барлық қолданбалар таңдалған.
  5. Жаңартулардың санаттары терезесінде орнату үшін жаңарту санаттарын таңдаңыз. Бұл санаттар Microsoft Update каталогымен бірдей. Әдепкі бойынша барлық санаттар таңдалған.
  6. Атауы терезесінде қосылатын ереженің атауын көрсетіңіз. Ереже атауын кейінірек, Параметрлер бөлімінде, жасалған тапсырманың сипаттары терезесінде өзгертуге болады.

Ереже жасау шебері өз жұмысын аяқтағаннан кейін, ереже қосылады және тапсырма жасау шеберінің ережелер тізімінде немесе тапсырманың сипаттарында көрсетіледі.

Үшінші тарап қолданбасын жаңарту ережелерін қосу

Үшінші тарап қолданбаларын жаңарту ережесін қосу үшін:

  1. Қосу түймесін басыңыз.

    Ережені жасау шебері іске қосылады. Шебердің жұмысын жалғастыру үшін Келесі түймесін басыңыз.

  2. Ереже түрін таңдаңыз шебері қадамында Үшінші тарап жаңартуларға арналған ереже тармағын таңдаңыз.
  3. Шебердің Жалпы критерийлер қадамында келесі параметрлерді көрсетіңіз:
    • Орнатылатын жаңартулар жиынтығы
    • Қауіптілік деңгейі келесіге тең не одан жоғарырақ осалдықтарды түзету

    Шебердің келесі қадамына өтіңіз.

  4. Жаңартуларды орнатқыңыз келетін қолданбалар мен қолданба нұсқаларын таңдаңыз.

    Әдепкі бойынша барлық қолданбалар таңдалған.

    Шебердің келесі қадамына өтіңіз.

  5. Қосып жатқан ереженің атауын енгізіңіз. Ереже атауын кейінірек, Бағдарлама параметрлері бөлімінде, жасалған тапсырманың сипаттары терезесінде өзгертуге болады.

Ереже жасалады, конфигурацияланады және Жаңа тапсырма жасау шебері ережелер кестесінде көрсетіледі.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Үшінші тарап өндірушілердің қолданбаларын жаңарту

Үшінші тарап қолданбаларындағы осалдықтарды анықтау және түзету.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.