Клиент құрылғыларында орнатылған қолданбалар тізімін алу және қарау

2024 ж. 27 маусым

ID 184063

Kaspersky Security Center Linux бағдарламасы, Linux және Windows операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін басқарылатын клиент құрылғыларында орнатылған бағдарламалық жасақтаманы түгендейді.

Желілік агент құрылғыда орнатылған қолданбалар тізімін құрастырып, тізімді Басқару серверіне жібереді. Желілік агентке қолданбалар тізімін жаңарту үшін шамамен 10-15 минут кетеді.

Windows операциялық жүйесі бар клиент құрылғылары үшін Желілік агент орнатылған қолданбалар туралы ақпараттың көп бөлігін Windows тізімдемесінен алады. Linux операциялық жүйесі бар клиент құрылғылары үшін орнатылған қолданбалар туралы ақпаратты Желілік агент пакет диспетчерлерінен алады.

Басқарылатын құрылғыларда орнатылған қолданбалар тізімін көру үшін,

  1. Қолданбаның негізгі терезесінде ОперацияларҮшінші тарап бағдарламаларыБағдарламалар тізімдемесі бөліміне өтіңіз.

    Бетте басқарылатын құрылғыларда орнатылған қолданбалары бар кесте көрсетіледі. Сол қолданбаның қасиеттерін көру үшін қолданбаны таңдаңыз, мысалы: өндірушінің аты, нұсқа нөмірі, орындалатын файлдар тізімі, қолданба орнатылған құрылғылардың тізімі.

  2. Орнатылған қолданбалары бар кесте деректерін келесідей топтастыруға және сүзуге болады:
    • Кестенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы () параметрлері белгішесін нұқыңыз.

      Ашылған Бағандар параметрлері мәзірінен кестеде көрсетілетін бағандарды таңдаңыз. Қолданба орнатылған клиент құрылғыларының операциялық жүйесінің түрін көру үшін Операциялық жүйенің түрі бағанын таңдаңыз.

    • Кестенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы () сүзу белгішесін нұқыңыз, ашылған мәзірде сүзу критерийін көрсетіңіз және қолданыңыз.

      Орнатылған қолданбалардың сүзілген кестесі көрсетіледі.

Таңдалған басқарылатын құрылғыда орнатылған қолданбалар тізімін көру үшін,

Қолданбаның негізгі терезесінде ҚұрылғыларБасқарылатын құрылғылар<құрылғы атауы>КеңейтілгенБағдарламалар тізімдемесі бөліміне өтіңіз. Бұл мәзірде қолданбалар тізімін CSV немесе TXT пішіміндегі файлдарға экспорттауға болады.

Қолданбаларды бақылау құрамдас бөлігінің толық сипаттамасын Kaspersky Endpoint Security for Linux және Kaspersky Endpoint Security for Windows қолданбасының анықтамасынан қараңыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: қолданбаларды басқару

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.