Kaspersky Security Center Web Console интерфейсі

2024 ж. 27 маусым

ID 247197

Kaspersky Security Center Linux жүйесі Kaspersky Security Center Web Console интерфейсі арқылы басқарылады.

Kaspersky Security Center Web Console қолданбасының терезесі келесі элементтерді қамтиды:

  • терезенің сол жағындағы негізгі мәзір;
  • терезенің оң жағындағы жұмыс аймағы.

Негізгі мәзір

Негізгі мәзір келесі бөлімдерден тұрады:

  • Басқару сервері. Қазіргі уақытта қосылған Басқару серверінің атауын көрсетеді. Басқару сервері сипаттарын ашу үшін параметрлер белгішесін () басыңыз.
  • Бақылау және есеп беру. Желіңіздің инфрақұрылымы, қорғаныс күйі, сондай-ақ статистика туралы мәлімет береді.
  • Активтер (Құрылғылар). Құрамында активтерге арналған құралдар, сонымен қатар "Лаборатория Касперского" қолданбаларына арналған тапсырмалар мен саясаттар бар.
  • Пайдаланушылар және рөлдер. Пайдаланушылар мен рөлдерді басқаруға, пайдаланушы құқықтарын конфигурациялауға, пайдаланушыларға рөлдерді тағайындауға және саясат профильдерін рөлдермен байланыстыруға мүмкіндік береді.
  • Операциялар. Қолданбаны лицензиялау, шифрланған дискілерді және шифрлау оқиғаларын көру және басқару және үшінші тарап қолданбаларын басқару сияқты әртүрлі параметрлерді қамтиды. Бөлім, сонымен қатар, қолданбалар қоймаларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
  • Құрылғыларды табу және орналастыру. Клиент құрылғыларын анықтау және құрылғыларды басқару топтарына қолмен немесе автоматты түрде тарату үшін желіде сауалнама жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл бөлімде бастапқы орнату шебері және қорғанысты орналастыру шебері бар.
  • Marketplace. "Лаборатория Касперского" бизнес-шешімдері туралы ақпаратты қамтиды, сізге қажет шешімдерді таңдауға және "Лаборатория Касперского" сайтында осы шешімдерді сатып алуды жалғастыруға мүмкіндік береді.
  • Параметрлер. Сізге сақталған күйді қалпына келтіру үшін веб-плагиннің ағымдағы күйінің деректерін сақтық көшірмелеуге мүмкіндік береді. Интерфейс тілі немесе тақырыбы сияқты интерфейстің сыртқы түріне қатысты жеке параметрлерді қамтиды.
  • Есептік жазбаңыздың мәзірі. Kaspersky Security Center Linux анықтамасына сілтемені қамтиды. Сондай-ақ, Kaspersky Security Center Linux жүйесінен шығып, Kaspersky Security Center Web Console нұсқасын және орнатылған веб-басқару плагиндерінің тізімін көруге болады.

Жұмыс аймағы

Жұмыс аймағы Kaspersky Security Center Web Console интерфейсі терезесінің бөлімдерінде көру үшін таңдалған ақпаратты көрсетеді. Сондай-ақ, ол ақпаратты көрсетуді конфигурациялау үшін пайдалануға болатын басқару элементтерін қамтиды.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.