Есептік жазбаның құпиясөзін ауыстыру

2024 ж. 27 маусым

ID 275020

Барлығын жаю | Барлығын жию

Жергілікті есептік жазбаның құпиясөзін өзгертуге болады, мысалы, пайдаланушы жергілікті есептік жазба құпиясөзін ұмытып қалғанда немесе құпиясөзді кесте бойынша өзгерту үшін.

Құпиясөзді өзгерту пайдаланушы есептік жазбаға кірмеген жағдайда да қолданылады. Сондай-ақ, root жергілікті есептік жазбасы үшін құпиясөзді өзгертуге болады.

Бұл тапсырманы тек Linux басқаруымен жұмыс істейтін құрылғыларда орындауға болады.

Белгілі бір құрылғыларда жергілікті есептік жазба құпиясөзін өзгерту үшін:

  1. Негізгі қолданба терезесінде Активтер (құрылғылар) → Тапсырмалар бөліміне өтіңіз.
  2. Қосу түймесін басыңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады.

  3. Тапсырма түрі өрісінде Есептік жазба құпиясөзін өзгерту (тек Linux) тармағын таңдаңыз.
  4. Келесі нұсқалардың бірін таңдаңыз:
    • Басқару тобына тапсырманы белгілеу
    • Құрылғының мекенжайларын қолмен белгілеу немесе тізімнен импорттау
    • Құрылғы таңдауына тапсырманы белгілеу

    Есептік жазба құпиясөзін өзгерту (тек Linux) тапсырмасы көрсетілген құрылғылар үшін жасалады. Басқару тобына тапсырманы белгілеу параметрін таңдаған болсаңыз, тапсырма топтық болып саналады.

  5. Тапсырма ауқымы қадамында басқару тобын, нақты мекенжайлары бар құрылғыларды немесе құрылғылар таңдауын көрсетіңіз.

    Қолжетімді параметрлер алдыңғы қадамда таңдалған параметрлерге байланысты.

  6. Есептік жазба аты мен жаңа құпиясөзді енгізіңіз қадамында келесі параметрлерді көрсетіңіз:
    • Есептік жазбаның атауы өрісінде құпиясөзді өзгерткіңіз келетін есептік жазбаның атауын енгізіңіз.
    • Жаңа құпиясөз жолында алдыңғы өрісте көрсетілген есептік жазба үшін орнатылатын құпиясөзді енгізіңіз.

      Енгізген құпиясөзді қарау үшін Көрсету түймесін басып тұрыңыз.

    • Қажет болса, Бір реттік құпиясөз ретінде орнату (пайдаланушы есептік жазбаға бірінші кіргеннен кейін, құпиясөзді өзгертуі керек) құсбелгісін қойыңыз.
  7. Тапсырма жасау және шеберді абу үшін Тапсырманы жасауды аяқтау қадамында Аяқтау түймесін басыңыз.

    Жасап болған соң, тапсырма туралы мәліметтерді ашу параметрі қосулы болса, тапсырма параметрлері терезесі ашылады. Бұл терезеде тапсырма параметрлерін тексеруге, оларды өзгертуге немесе қажет болса, тапсырманы іске қосу кестесін конфигурациялауға болады.

  8. Тапсырмалар тізімінде жасалған тапсырманы таңдап, Іске қосу түймесін басыңыз.

    Немесе тапсырма параметрлерінде көрсетілген кестеге сәйкес тапсырманың іске қосылуын күтіңіз.

Есептік жазба құпиясөзін өзгерту тапсырмасы аяқталғанда, құпиясөз таңдалған құрылғыларда көрсетілген жергілікті есептік жазба үшін өзгертіледі.

Есептік жазба құпиясөзін өзгерту тапсырмаларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін пайдаланушы құрылғысында SELinux өшірілуі керек.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.