Лицензия туралы

2024 ж. 27 маусым

ID 69240

Лицензия – бұл Лицензиялық келісім негізінде сізге берілген Kaspersky Security Center Linux бағдарламаны пайдалану үшін уақыт бойынша шектелген құқық.

Көрсетілетін қызметтердің көлемі және қолданбаны пайдалану мерзімі қолданба қолданылатын лицензияға байланысты.

Лицензиялардың келесі түрлері қарастырылған:

  • Сынақ.

    Қолданбамен танысуға арналған тегін лицензия. Сынақ лицензиясының жарамдылық мерзімі қысқа.

    Сынақ лицензиясының мерзімі аяқталғаннан кейін, Kaspersky Security Center Linux бағдарламасы өзінің барлық функцияларын орындауды тоқтатады. Қолданбаны пайдалануды жалғастыру үшін сізге коммерциялық лицензия сатып алу қажет.

    Қолданбаны сынақ лицензиясы бойынша тек бір сынақ мерзімінде пайдалануға болады.

  • Коммерциялық.

    Ақылы лицензия.

    Коммерциялық лицензияның қолданылу мерзімі аяқталған кезде қолданбаның негізгі функциялары өшіріледі. Kaspersky Security Center бағдарламасын пайдалануды жалғастыру үшін коммерциялық лицензияның жарамдылық мерзімін ұзарту қажет. Коммерциялық лицензияның мерзімі аяқталғаннан кейін, қолданбаны енді пайдалана алмайсыз және оны құрылғыңыздан жоюыңыз керек.

    Компьютерлік қауіпсіздік қатерлерінен үздіксіз қорғауды қамтамасыз ету үшін лицензияның жарамдылық мерзімін оның аяқталу күнінен кешіктірмей ұзарту ұсынылады.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.