Клиент құрылғыларын қашықтан қосу, өшіру және қайта іске қосу

2024 ж. 29 наурыз

ID 10304

Kaspersky Security Center Linux бағдарламасы клиент құрылғыларын қашықтан басқаруға, қосуға, өшіруге және қайта іске қосуға мүмкіндік береді.

Клиент құрылғыларын қашықтан басқару үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Активтер (құрылғылар) → Тапсырмалар бөліміне өтіңіз.
  2. Қосу түймесін басыңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады.

  3. Тапсырма түрі ашылмалы тізімінен Құрылғыларды басқару опциясын таңдаңыз.
  4. Басқару топты, тапсырма қолданылатын құрылғылар немесе құрылғы таңдауын көрсету үшін параметр таңдаңыз.
  5. Пәрменді (қосу, өшіру немесе қайта жүктеу) таңдаңыз. Қажет болса, пайдаланушыға жіберілетін хабарды және өшіру және қайта іске қосу пәрмендері үшін Бұғатталған сессияларда бағдар. келесі уақыттан кейін мәжбүрлеп жабу (мин) параметрін көрсетуге болады.
  6. Жасалған тапсырманы іске қосыңыз.

Тапсырманың жұмысы аяқталғаннан кейін, пәрмен (қосу, өшіру немесе қайта іске қосу) таңдалған құрылғыларда орындалатын болады.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.