Жаңартуларды Басқару серверінің қоймасына жүктеп алу тапсырмасын жасау

2024 ж. 29 наурыз

ID 180697

Барлығын жаю | Барлығын жию

Жаңартуларды Басқару серверінің қоймасына жүктеп алу тапсырма "Лаборатория Касперского" қауіпсіздік бағдарламасының дерекқорлары мен бағдарламалық модульдерінің жаңартуларын "Лаборатория Касперского" жаңарту серверлерінен Басқару серверінің қоймасына жүктеп алуға мүмкіндік береді.

Kaspersky Security Center бағдарламаны жылдам іске қосу шебері Басқару серверінің Жаңартуларды Басқару серверінің қоймасына жүктеп алу тапсырмасын автоматты түрде жасайды. Тапсырмалар тізімінде бір ғана Жаңартуларды Басқару серверінің қоймасына жүктеп алу тапсырма болуы мүмкін. Басқару сервері тапсырмаларының тізімінен жойылса, бұл тапсырманы қайта жасауға болады.

Жаңартуларды Басқару серверінің қоймасына жүктеп алу тапсырманы аяқтағаннан және жаңартуларды жүктегеннен кейін, оларды басқарылатын құрылғыларға таратуға болады.

Жаңартуларды басқарылатын құрылғыларға таратпас бұрын, сіз Жаңартуларды тексеру тапсырмасын орындай аласыз. Соның арқасында, Басқару сервері жүктелген жаңартуларды дұрыс орнататындығына және қауіпсіздік деңгейі жаңартулардан төмендемейтіндігіне көз жеткізе аласыз. Таратудың алдында жаңартуларды тексеру үшін, Жаңартуларды Басқару серверінің қоймасына жүктеп алу тапсырмасының сипаттарында Жаңарту тексерісін іске қосу параметрін конфигурациялаңыз.

Жаңартуларды Басқару серверінің қоймасына жүктеп алу тапсырмасын жасау үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Активтер (құрылғылар)Тапсырмалар бөліміне өтіңіз.
  2. Қосу түймесін басыңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

  3. Kaspersky Security Center бағдарламасы үшін Жаңартуларды Басқару серверінің қоймасына жүктеп алу тапсырма түрін таңдаңыз.
  4. Жасап жатқан тапсырманың атын көрсетіңіз. Тапсырма атауы 100 таңбадан асуы және арнайы таңбаларды ("*<>?\:|) қамтуы мүмкін емес.
  5. Тапсырманы жасауды аяқтау бетінде, тапсырма сипаттары терезесін ашу үшін Жасап болған соң, тапсырма туралы мәліметтерді ашу параметрін қосып, әдепкі бойынша тапсырма параметрлерін өзгертуге болады. Сондай-ақ, тапсырма параметрлерін кейінірек, кез келген уақытта конфигурациялауға болады.
  6. Аяқтау түймесін басыңыз.

    Тапсырма жасалып, тапсырмалар тізімінде көрсетіледі.

  7. Тапсырма сипаттары терезесін ашу үшін жасалған тапсырманың атын басыңыз.
  8. Тапсырма сипаттары терезесінде Бағдарлама параметрлері қойыншасында келесі параметрлерді көрсетіңіз:
    • Жаңартулардың көздері
    • Жаңартулар сақталатын қалта
    • Қосалқы Басқару серверлерін мәжбүрлеп жаңарту
    • Алынған жаңартуларды қосымша қалталарға көшіру
    • diff файлдарды жүктеп алу
    • Ескі схеманы пайдаланып, жаңартуларды жүктеп алу
    • Жаңарту тексерісін іске қосу
  9. Тапсырма сипаттары терезесінде, Кесте қойыншасында тапсырманы іске қосу кестесін жасаңыз. Қажет болса, келесі параметрлерді конфигурациялаңыз:
    • Кесте бойынша іске қосу:
      • Қолмен (әдепкі бойынша таңдалған)
      • N минут сайын
      • N сағат сайын
      • N күн сайын
      • N апта сайын
      • Күн сайын (жазғы уақытқа өтуге қолдау көрсетілмейді)
      • Апта сайын
      • Апта күндері бойынша
      • Ай сайын
      • Ай сайын, таңдалған апталардың көрсетілген күндері
      • Басқа тапсырманы аяқтағанда
    • Тапсырманың қосымша параметрлері:
      • Өткізіп алынған тапсырмаларды іске қосу
      • Тапсырманы бастау үшін автоматты түрде араластырылған кідірісті пайдалану
      • Тапсырманы бастауға ретсіз кідірісті қолдану аралығы (мин)
      • Тапсырма мынанша минуттан көбірек орындалып жатса, оны тоқтату (мин)
  10. Сақтау түймесін басыңыз.

Тапсырма жасалды және конфигурацияланды.

Жаңартуларды Басқару серверінің қоймасына жүктеп алу тапсырмасын орындау нәтижесінде, дерекқорлар мен бағдарламалық модульдердің жаңартулары жаңарту көзінен көшіріледі және Басқару серверінің ортақ қатынасы бар қалтасына орналастырылады. Егер тапсырма басқару тобы үшін жасалса, онда ол тек көрсетілген басқару тобына кіретін Желілік агенттерге қолданылады.

Ортақ қатынасы бар қалтадан жаңартулар клиент құрылғыларына және қосалқы Басқару серверлеріне таратылады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: "Лаборатория Касперского" бағдарламалары мен дерекқорларын үнемі жаңартып тұру

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.