ДҚБЖ есептік деректерін өзгерту

2024 ж. 16 мамыр

ID 210175

Кейде ДҚБЖ есептік деректерін өзгерту қажет болуы мүмкін, мысалы, қауіпсіздік мақсатында есептік деректердің ротациясын орындау үшін.

klsrvconfig утилитасын пайдаланып Linux ортасында ДҚБЖ есептік деректерін өзгерту үшін:

  1. Linux пәрмен жолын іске қосыңыз.
  2. klsrvconfig утилитасының пәрмен жолының ашылған терезесінде мынаны көрсетіңіз:

    sudo /opt/kaspersky/ksc64/sbin/klsrvconfig -set_dbms_cred

  3. Есептік жазбаның жаңа атауын көрсетіңіз. ДҚБЖ-да бұрыннан бар есептік жазбаның есептік деректерін көрсетуіңіз қажет.

  4. Жаңа құпиясөзді енгізіңіз.
  5. Растау үшін осы жаңа құпиясөзді көрсетіңіз.

ДҚБЖ есептік деректері өзгертілді.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.