Kaspersky Security Center Linux нұсқасымен жұмыс істеу үшін MariaDB x64 серверінің конфигурациясы

2024 ж. 29 наурыз

ID 210277

my.cnf файлы үшін ұсынылатын параметрлер

ДҚБЖ параметрі туралы толық ақпаратты есептік жазбаны конфигурациялау процедурасынан қараңыз. ДҚБЖ туралы ақпарат алу үшін ДҚБЖ орнату процедурасын қараңыз.

my.cnf файлын конфигурациялау үшін:

  1. Мәтіндік редактор көмегімен my.cnf файлын ашыңыз.
  2. my.cnf файлының [mysqld] бөліміне келесі жолдарды енгізіңіз:

    sort_buffer_size=10M

    join_buffer_size=100M

    join_buffer_space_limit=300M

    join_cache_level=8

    tmp_table_size=512M

    max_heap_table_size=512M

    key_buffer_size=200M

    innodb_buffer_pool_size=<value>

    innodb_thread_concurrency=20

    innodb_flush_log_at_trx_commit=0

    innodb_lock_wait_timeout=300

    max_allowed_packet=32M

    max_connections=151

    max_prepared_stmt_count=12800

    table_open_cache=60000

    table_open_cache_instances=4

    table_definition_cache=60000

    innodb_buffer_pool_size мәні KAV дерекқорының күтілетін өлшемінің 80 пайызынан кем болмауы тиіс. Сервер іске қосылғанда көрсетілген жадтың бөлінетінің ескеріңіз. Егер дерекқор өлшемі көрсетілген буфер өлшемінен аз болса, тек қажетті жад бөлінеді. MariaDB 10.4.3 немесе одан бұрынғы нұсқасын пайдалансаңыз, нақты бөлінген жад көрсетілген буфер өлшемінен шамамен 10 пайызға үлкен.

    Innodb_flush_log_at_trx_commit=0 параметрінің мәнін қолдану ұсынылады, себебі "1" немесе "2" мәндері MariaDB жұмыс жылдамдығына теріс әсерін тигізеді.

Әдепкі бойынша оптимизатордың join_cache_incremental, join_cache_hashed және join_cache_bka конфигурациялары қосулы. Егер бұл баптаулар қосылмаған болса, оларды қосу керек.

Оптимизатор баптауларының қосулы ма екенін тексеру үшін:

  1. MariaDB клиент консолінде келесі пәрменді іске қосыңыз:

    SELECT @@optimizer_switch;

  2. Шықпасы келесі жолдарды қамтитынына көз жеткізіңіз:

    join_cache_incremental=on

    join_cache_hashed=on

    join_cache_bka=on

    Бұл жолдар бар болып, on мәндерін қамтыса, онда оптимизатор баптаулары қосулы.

    Бұл жолдар жоқ болса немесе off мәндері ие болса, келесі әрекеттерді орындаңыз:

    1. Мәтіндік редактор көмегімен my.cnf файлын ашыңыз.
    2. my.cnf файлға келесі жолдарды қосыңыз:

      optimizer_switch='join_cache_incremental=on'

      optimizer_switch='join_cache_hashed=on'

      optimizer_switch='join_cache_bka=on'

join_cache_incremental, join_cache_hash және join_cache_bka баптаулары қосулы.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.