Оқиғалар таңдауын импорттау

2024 ж. 16 мамыр

ID 236654

Kaspersky Security Center Linux жүйесі оқиғалар таңдауын KLO файлынан импорттауға мүмкіндік береді. KLO файлы экспортталған оқиғалар таңдауын және оның параметрлерін қамтиды.

Оқиғалар таңдауын импорттау үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Бақылау және есеп беру  Оқиғаларды таңдау бөліміне өтіңіз.
  2. Импорттағыңыз келетін оқиғалар таңдауы файлын таңдау үшін Импорттау түймесін басыңыз.
  3. Ашылған терезеде KLO саясаты файлына апаратын жолды көрсетіңіз және Ашу түймесін басыңыз. Назар аударыңыз: оқиғалар таңдауының тек бір файлын таңдауға болады.

    Оқиғалар таңдауын өңдеу басталады.

Импорт нәтижелері бар хабарландыру пайда болады. Оқиғалар таңдауы импортталса, таңдау сипаттарын көру үшін Импорттау мәліметтерін көру сілтемесін басуға болады.

Сәтті импорттаудан кейін оқиғалар таңдауы таңдау тізімінде пайда болады. Оқиғалар таңдауының параметрлері де импортталады.

Импортталған жаңа оқиғалар таңдауының атауы бұрыннан бар таңдау атауымен бірдей болса, импортталған таңдау атауы түр (<реттік нөмір>), мысалы: (1), (2) жалғауы көмегімен кеңейтіледі.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.