Тұйық бағдарламалық орта режимінде Astra Linux-ке Kaspersky Security Center Web Console жаңарту
Бұл бөлімде Kaspersky Security Center Web Console Server серверін (бұдан әрі Kaspersky Security Center Web Console деп те аталады) қалай Astra Linux Special Edition операциялық жүйесі бар құрылғыларға жаңартуға болатыны сипатталған.
Kaspersky Security Center Web Console жаңарту үшін:
- Kaspersky Security Center Web Console жаңартқыңыз келетін құрылғыда қолдау көрсетілетін Linux дистрибутивтерінің бірі жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз.
- Лицензиялық келісімді оқыңыз және қабылдаңыз. Kaspersky Security Center Linux дистрибутиві құрамына Лицензиялық келісім мәтіні бар TXT файлы кірмесе, бұл файлды "Лаборатория Касперского" сайтынан жүктеп алуға болады. Лицензиялық келісімнің шарттарын қабылдамасаңыз, орнату файлын пайдаланып Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін жаңартпаңыз.
- Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін орнату алдында өзіңіз дайындаған жауап файлын пайдаланыңыз. Жауап файлының атауы ksc-web-console-setup.json. Файл келесі директорияда орналасқан: /etc/ksc-web-console-setup.json.
Жауап файлы жоқ болса, Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін Басқару серверіне қосу параметрлерін қамтитын жаңа жауап файлын жасаңыз. Файлды ksc-web-console-setup.json деп атаңыз және оны /etc директориясында орналастырыңыз.
Минималды параметрлер жиынтығы, мекенжайы және әдепкі бойынша порты бар жауаптар файлының мысалы:
{
"address": "127.0.0.1",
"port": 8080,
"trusted": "127.0.0.1|13299|/var/opt/kaspersky/klnagent_srv/1093/cert/klserver.cer|KSC Server",
"acceptEula": true
}
/etc/digsig/digsig_initramfs.conf
файлындаDIGSIG_ELF_MODE
параметрінің төмендегідей көрсетілгеніне көз жеткізіңіз:DIGSIG_ELF_MODE=1
astra-digsig-oldkeys
үйлесімділік пакетінің орнатылғанына көз жеткізіңіз.Бұл пакет орнатылмаған болса, келесі пәрменді орындаңыз:
apt install astra-digsig-oldkeys
- Бағдарлама кілті жоқ болса, ол үшін директория жасаңыз:
mkdir -p /etc/digsig/keys/legacy/kaspersky/
- Бағдарлама кілтін алдыңғы қадамда жасалған /opt/kaspersky/ksc64/share/kaspersky_astra_pub_key.gpg каталогына орналастырыңыз:
cp kaspersky_astra_pub_key.gpg /etc/digsig/keys/legacy/kaspersky/
Егер Kaspersky Security Center Linux жеткізілім жинағында kaspersky_astra_pub_key.gpg кілті болмаса, бұл кілтті https://media.kaspersky.com/utilities/CorporateUtilities/kaspersky_astra_pub_key.gpg сілтемесінен жүктеп алуға болады.
- Дискілердің жедел жадын жаңартыңыз:
update-initramfs -u -k all
Жүйені қайта жүктеңіз.
- root құқықтары бар тіркелгіде орнату файлын іске қосу үшін пәрмен жолын пайдаланыңыз. Орнату файлын "Лаборатория Касперского" сайтынан жүктеу арқылы аласыз.
Kaspersky Security Center Web Console алдыңғы нұсқасын жаңарту үшін келесі пәрмендердің бірін орындаңыз:
$ sudo dpkg -i ksc-web-console-[
жинақ_нөмірі
].x86_64.debОрнату файлын ашу басталады. Орнату аяқталғанша күте тұрыңыз.
- Келесі пәрменді орындау арқылы Kaspersky Security Center Web Console барлық қызметтерін қайта іске қосыңыз:
$ sudo systemctl restart KSC*
Жаңарту аяқталғаннан кейін, сіз Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін ашып, жүйеге кіру үшін браузерді пайдалана аласыз.