Басқару топтарын жасау
Басқару топтарын жасау
Kaspersky Security Center орнатылғаннан кейін бірден басқару топтарының иерархиясында бір ғана Басқару тобы бар – Басқарылатын құрылғылар. Басқару топтарының иерархиясын құру кезінде Басқарылатын құрылғылар қалтасына құрылғылар мен виртуалды машиналарды қосып, салынған топтарды қосуға болады (төмендегі суретті қараңыз).
Басқару топтарының иерархиясын қарау
Басқару тобын жасау үшін:
- Бағдарламаның негізгі терезесінде Активтер (құрылғылар) → Топтардың иерархиясы бөліміне өтіңіз.
- Басқару тобының құрылымында жаңа басқару тобы кіруі тиісті топқа сәйкес келетін салынған қалтаны таңдаңыз.
- Қосу түймесін басыңыз.
- Ашылған Жаңа басқару тобының аты терезесінде топтың атауын енгізіп, Қосу түймесін басыңыз.
Нәтижесінде, басқару топтарының иерархиясында атауы көрсетілген жаңа басқару тобы пайда болады.
Басқару топтарының құрылымын құру үшін:
- Бағдарламаның негізгі терезесінде Активтер (құрылғылар) → Топтардың иерархиясы бөліміне өтіңіз.
- Импорттау түймесін басыңыз.
Нәтижесінде, басқару топтарының құрылымын жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.
Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.