Kaspersky Security Center Linux туралы

2024 ж. 29 наурыз

ID 3396

Бұл бөлімде Kaspersky Security Center Linux мақсаты, өзекті мүмкіндіктері мен құрамдастары, сондай-ақ Kaspersky Security Center Linux сатып алу тәсілдері туралы ақпарат беріледі.

Kaspersky Security Center Linux (бұдан әрі - Kaspersky Security Center деп те аталады) Linux негізіндегі Басқару сервері арқылы клиент құрылғыларын қорғауды орналастыруға және басқаруға арналған.

Kaspersky Security Center Linux корпоративтік желідегі құрылғыларға "Лаборатория Касперского" қауіпсіздік бағдарламаларын орнатуға, тексеру және жаңарту тапсырмаларын қашықтан іске қосуға, сондай-ақ басқарылатын бағдарламалардың қауіпсіздік саясаттарын басқаруға мүмкіндік береді. Әкімші ретінде сіз корпоративтік құрылғылардың ағымдағы күйін көрсететін, егжей-тегжейлі есептерді және егжей-тегжейлі саясат параметрлерін көрсететін бақылау тақтасын пайдалана аласыз.

Windows негізіндегі Kaspersky Security Center Басқару серверімен салыстырғанда, Kaspersky Security Center Linux жүйесінде басқа функциялар жиынтығы бар.

Kaspersky Security Center Linux бағдарламасы ұйымдардың желі әкімшілеріне және ұйымдардағы құрылғыларды қорғауға жауапты қызметкерлерге арналған.

Kaspersky Security Center көмегімен сіз:

  • Өзіндікұйымның желісін, сондай-ақ қашықтағы кеңселердің немесе клиенттік ұйым-клиенттердің желілерін басқару үшін Басқару серверлерінің иерархиясын қалыптастыру.

    Мұндағы Ұйым-клиенттер дегеніміз – провайдер антивирустық қорғанысты қамтамасыз ететін ұйымдар.

  • Клиент құрылғылары жиынтығын тұтастай басқару үшін басқару топтарының иерархиясын құру.
  • "Лаборатория Касперского" бағдарламалары негізінде құрылған антивирустық қауіпсіздік жүйесін басқару.
  • "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын және басқа үшінші тарап бағдарламаларын қашықтан орнатуды орындау.
  • "Лаборатория Касперского" бағдарламаларының лицензиялық кілттерін клиент құрылғыларына орталықтан тарату, кілттердің қолданылуын бақылау және лицензиялардың жарамдылық мерзімін ұзарту.
  • Бағдарламалар мен құрылғылардың жұмысы туралы статистика мен есептер алу.
  • "Лаборатория Касперского" бағдарламаларының жұмысындағы маңызды оқиғалар туралы хабарландырулар алу.
  • Windows операциялық жүйесі бар құрылғылардың қатты дискілерінде және алынбалы дискілерде сақталған деректерді шифрлауды басқару.
  • Windows операциялық жүйесі бар құрылғыларындағы шифрланған деректерге пайдаланушы қатынасын басқару.
  • Ұйымның желісіне қосылған жабдықтарды түгендеу.
  • Қауіпсіздік бағдарламалары карантинге немесе сақтық көшірмелеуге орналастырылған файлдармен, сондай-ақ қауіпсіздік бағдарламалары өңдеуді кейінге қалдырған файлдармен орталықтандырылған түрде жұмыс істеу.

Kaspersky Security Center бағдарламасын "Лаборатория Касперского" арқылы (мысалы, https://www.kaspersky.ru сайтында) немесе серіктес компаниялар арқылы сатып алуға болады.

Kaspersky Security Center Linux бағдарламасын "Лаборатория Касперского" арқылы сатып алсаңыз, бағдарламаны біздің сайттан жүктеп алуға болады. Бағдарламаны іске қосу үшін қажетті ақпарат төлем жасалғаннан кейін сізге электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Бұл бөлімде:

Аппараттық және бағдарламалық талаптар

"Лаборатория Касперского" үйлесімді бағдарламалары мен шешімдері

Қолдау көрсетілмейтін операциялық жүйелер мен платформалар

Жеткізу жиынтығы

Басқару сервері мен Kaspersky Security Center Web Console веб-консолінің үйлесімділігі туралы

Kaspersky Security Center нұсқаларын салыстыру: Windows негізінде және Linux негізінде

Kaspersky Security Center Cloud Console туралы

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.