Қорғаныс жүйесін орналастырудың типтік тәсілдері

2024 ж. 16 мамыр

ID 54318

Бұл бөлімде Kaspersky Security Center көмегімен ұйымның желісінде қорғаныс жүйесін орналастырудың типтік тәсілдері сипатталған.

Жүйені барлық түрлердің рұқсатсыз қатынасуынан қорғауды қамтамасыз ету қажет. Бағдарламаны құрылғыға орнатпас бұрын, операциялық жүйеге арналған барлық қолжетімді қауіпсіздік жаңартуларын орнатып, Басқару серверлері мен тарату нүктелерін физикалық қорғауды қамтамасыз ету ұсынылады.

Келесі орналастыру схемаларын қолдана отырып, Kaspersky Security Center көмегімен ұйымның желісінде қорғаныс жүйесін орналастыруға болады:

  • Kaspersky Security Center және Kaspersky Security Center Web Console арқылы қорғау жүйесін орналастыру.

    "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын клиент құрылғыларына орнату және клиент құрылғыларын Басқару серверіне қосу Kaspersky Security Center көмегімен автоматты түрде жүзеге асырылады.

  • Kaspersky Security Center бағдарламасында құрылған жеке орнату пакеттері арқылы қорғаныс жүйесін қолмен орналастыру.

    "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын клиент құрылғыларына және әкімшінің жұмыс станциясына орнату қолмен жүргізіледі, клиент құрылғыларын Басқару серверіне қосу параметрлері Желілік агентті орнату кезінде белгіленеді.

    Бұл орналастыру нұсқасын қашықтан орнату мүмкін болмаған жағдайда қолдану ұсынылады.

Kaspersky Security Center Microsoft Active Directory топтық саясаттарды пайдаланып орналастыруға қолдау көрсетпейді.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.