Желілік агентті жергілікті орнату

2024 ж. 29 наурыз

ID 6392

Құрылғыға Желілік агентті жергілікті түрде орнату үшін:

  1. Құрылғыда setup.exe файлын интернет арқылы алынған дистрибутивтен іске қосыңыз.

    Орнату үшін "Лаборатория Касперского" бағдарламалары таңдалатын терезе ашылады.

  2. Бағдарлама таңдау терезесінде Kaspersky Security Center 15 Желілік агентін ғана орнатыңыз сілтемесі бойынша желілік агентті орнату шеберін іске қосыңыз. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

    Орнату шебері жұмыс істеп тұрған кезде, Желілік агенттің қосымша параметрлерін конфигурациялауға болады (төменде қараңыз).

  3. Құрылғыны таңдалған басқару топтың қосылым шлюзі ретінде пайдалану үшін орнату шеберінің Қосылым шлюзі терезесінде Желілік агентті DMZ режимінде қосылым шлюзі ретінде пайдалану опциясын таңдаңыз.
  4. Виртуалды машинаға орнатқан кезде Желілік агентті конфигурациялау үшін:
    1. Егер сіз виртуалды машина кескіндерінен динамикалық түрде виртуалды машиналар жасауды жоспарласаңыз, виртуалды Virtual Desktop Infrastructure (VDI) үшін Желілік агенттің динамикалық режимін қосыңыз. Ол үшін Қосымша параметрлер орнату шебері терезесінде VDI үшін динамикалық режимді қосу параметрін таңдаңыз. 

      Егер сіз виртуалды машина кескіндерінен динамикалық түрде виртуалды машиналар жасауды жоспарламасаңыз, бұл қадамды өткізіп жіберіңіз.

    2. Виртуалды инфрақұрылым үшін Желілік агенттің жұмысын оңтайландырыңыз. Ол үшін Қосымша параметрлер орнату шебері терезесінде VDI параметрлерін оңтайландыру параметрін таңдаңыз.

      Нәтижесінде, құрылғы іске қосылған кезде орындалатын файлдардың осалдығын тексеру өшіріледі. Сондай-ақ, келесі ақпаратты Басқару серверіне жіберу өшіріледі:

      • жабдық тізімдемесі туралы;
      • құрылғыда орнатылған бағдарламалар туралы;
      • жергілікті клиент құрылғысына орнатылатын Microsoft Windows жаңартулары туралы;
      • жергілікті клиент құрылғысында табылған бағдарламалық жасақтаманың осалдықтары туралы.

      Болашақта, сіз бұл ақпаратты Желілік агент сипаттарында немесе Желілік агент саясатының параметрлерінде жіберуді қоса аласыз.

Орнату шеберінің жұмысы аяқталғаннан кейін, құрылғыға Желілік агент орнатылады.

Сіз Желілік агент қызметінің сипаттарын көре аласыз, сонымен қатар Microsoft Windows стандартты құралдары: Компьютерді басқару\Қызметтер арқылы Желілік агенттің белсенділігін іске қоса, тоқтата және бақылай аласыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Динамикалық виртуалды машиналарды қолдау

Құпиялылық саясатын қарау

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.