Іздеу жолында тұрақты өрнектерді қолдану

2024 ж. 29 наурыз

ID 113025

Бөлек сөздер мен таңбаларды іздеу үшін сіз іздеу жолында келесі тұрақты өрнектерді қолдана аласыз:

  • *. Таңбалардың кез келген санының бірізділігін ауыстырады. Мысалы, "Сервер" немесе "Серверлік" сөздерін іздеу үшін іздеу жолында Сервер* өрнегін енгізу керек.
  • ?. Кез келген бір таңбаны ауыстырады. Мысалы, "Құралдар" немесе "Құралдан" сөздерін іздеу үшін іздеу жолында Құралда? немесе өрнегін енгізу керек.

    Іздеу жолындағы мәтін ? таңбасынан бастала аламайды.

  • [<аралық>]. Белгіленген диапазон немесе жиын ішінен бір таңбаны ауыстырады. Мысалы, кез келген санды іздеу үшін іздеу жолында [0-9] өрнегін енгізу керек. a, b, c, d, e, f таңбаларының бірін іздеу үшін іздеу жолында [abcdef] өрнегін енгізу керек.

Толық мәтін бойынша іздеу үшін іздеу жолында келесі тұрақты өрнектерді қолдана аласыз:

  • Бос орын. Нәтиже: сипаттамалары кез келген атап көрсетілген сөздерді қамтитын барлық құрылғылар. Мысалы, "Қосалқы" немесе "Виртуалды" сөзін (немесе олардың екеуін де) қамтитын сөйлемшені іздеу үшін, іздеу жолында Қосалқы Виртуалды өрнегін енгізу керек.
  • "плюс" (+), AND немесе && белгісі. Сөздің алдында жазған кезде, мәтінде сөздің міндетті түрде болуын білдіреді. Мысалы, "Қосалқы" сөзін де, "Виртуалды" сөзін де қамтитын сөйлемшені іздеу үшін, іздеу жолында келесі өрнектерді енгізуге болады: +Қосалқы+Виртуалды, Қосалқы AND Виртуалды, Қосалқы && Виртуалды.
  • OR немесе ||. Сөздердің арасында жазған кезде мәтіндің бір немесе басқа сөздің болуын білдіреді. Мысалы, не "Қосалқы" сөзін, не "Виртуалды" сөзін қамтитын сөйлемшені іздеу үшін, іздеу жолында келесі өрнектерді енгізуге болады: Қосалқы OR Виртуалды, Қосалқы || Виртуалды.
  • "минус" (-) белгісі. Сөздің алдында жазған кезде, мәтінде сөздің міндетті түрде болмауын білдіреді. Мысалы, "Қосалқы" сөзі болуы және "Виртуалды" сөзі болмауы тиісті сөйлемшені іздеу үшін, іздеу жолында +Қосалқы-Виртуалды өрнегін енгізу керек.
  • "<мәтін үзіндісі>". Тырнақшаға алынған мәтін үзіндісі мәтінде толығымен болуы керек. Мысалы, "Қосалқы Сервер" сөзтіркесін қамтитын сөйлемшені іздеу үшін іздеу жолында "Қосалқы Сервер" өрнегін енгізу керек.

Толық мәтін бойынша іздеу келесі сүзгілеу блоктарында қолжетімді:

  • Оқиға және Сипаттама бағандары бойынша оқиғалар тізімін сүзгілеу блогында;
  • Атауы бағаны бойынша пайдаланушылардың есептік жазбаларын сүзгілеу блогында;
  • Тізімде көрсету блогында топтаусыз сүзгілеу өлшемшарты таңдалған болса, Атауы бағаны бойынша бағдарламалар тізімдемесін сүзгілеу блогында.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.