KES құрылғысын басқарылатын құрылғылар тізіміне қосу

2024 ж. 7 ақпан

ID 114929

Пайдаланушының KES құрылғысын Google Play дүкеніне сілтеменің көмегімен басқарылатын құрылғылар тізіміне қосу үшін:

  1. Консоль ағашында Пайдаланушылардың есептік жазбалары қалтасын таңдаңыз.

    Әдепкі бойынша, Пайдаланушылардың есептік жазбалары қалтасы Кеңейтілген қалтасына салынған.

  2. Ұялы құрылғысын басқарылатын құрылғылар тізіміне қосқыңыз келетін пайдаланушының есептік жазбасын таңдаңыз.
  3. Пайдаланушы есептік жазбасының мәнмәтіндік мәзірінде Ұялы құрылғыны қосу тармағын таңдаңыз.

    Жаңа ұялы құрылғыны қосу шебері іске қосылды. Сертификат көзі шебері терезесінде, Басқару сервері ұялы құрылғыны идентификациялайтын жалпы сертификатты жасау тәсілін көрсету керек. Сіз жалпы сертификатты келесі екі тәсілдің бірімен белгілей аласыз:

    • Басқару серверінің құралдарымен жалпы сертификатты автоматты түрде жасау және құрылғыға сертификатты жеткізу;
    • жалпы сертификат файлын көрсету.
  4. Құрылғы түрі шебері терезесінде Google Play дүкеніне сілтеме нұсқасын таңдаңыз.
  5. Пайдаланушыға хабарлау әдісі шебері терезесінде ұялы құрылғы пайдаланушысын сертификаттың жасалғаны туралы хабарландыру параметрлерін конфигурациялаңыз (SMS-хабар, электрондық пошта арқылы немесе ақпарат шебердің жұмысы аяқталғаннан кейін көрсетіледі).
  6. "Сертификаттар туралы ақпарат" шебері терезесінде шебердің жұмысын аяқтау үшін Аяқтау түймесін басыңыз.

Kaspersky Endpoint Security for Android шебердің жұмысы нәтижесінде, пайдаланушының құрылғысына Google Play дүкенінен жүктеп алу үшін сілтеме және QR коды жіберілетін болады. Пайдаланушы сілтеме бойынша QR кодын сканерлеу арқылы Google Play қолданбалар дүкеніне өтеді. Содан соң, құрылғының операциялық жүйесі пайдаланушыдан Kaspersky Endpoint Security for Android орнатуға келісімін сұрайды. Kaspersky Endpoint Security for Android қолданбасын жүктеп алып, орнатқаннан кейін, ұялы құрылғы Басқару серверіне қосылып, жалпы сертификатты жүктеп алады. Сертификатты ұялы құрылғыға орнатқаннан кейін, бұл құрылғы консоль шежіресінің Ұялы құрылғыларды басқару қалтасына салынған Ұялы құрылғылар қалтасында көрсетілетін болады.

Kaspersky Endpoint Security for Android қолданбасы құрылғыға әлдеқашан орнатылған болса, пайдаланушы әкімшіден Басқару серверіне қосылу параметрлерін алып, оларды өз бетінше енгізуі керек. Қосылым параметрлерін конфигурациялағаннан кейін, ұялы құрылғы Басқару серверіне қосылады. Әкімші құрылғыға жалпы сертификатты жазып береді және пайдаланушыға сертификатты жүктеп алу үшін пайдаланушы аты мен құпиясөзі бар электрондық пошта хабарын немесе SMS-хабарды жібереді. Пайдаланушы жалпы сертификатты алып, орнатады. Сертификатты ұялы құрылғыға орнатқаннан кейін, бұл құрылғы консоль шежіресінің Ұялы құрылғылар қалтасына салынған Ұялы құрылғыларды басқару қалтасында көрсетілетін болады. Бұл жағдайда, Kaspersky Endpoint Security for Android қолданбасын қайтадан жүктеп алу және орнату орындалмайды.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.