9-қадам. Басқару серверін іске қосу үшін есептік жазбаны таңдау

2024 ж. 29 наурыз

ID 13084

Басқару сервері қызмет ретінде іске қосылатын есептік жазбаны таңдаңыз.

  • Есептік жазбаны автоматты түрде жасау. Бағдарлама, Басқару серверінің kladminserver қызметі іске қосылатын жергілікті KL-AK-* есептік жазбасын жасайды.

    Ортақ қатынасы бар қалтаны және ДҚБЖ жүйесін Басқару серверімен бір құрылғыға орналастыруды жоспарласаңыз, осы нұсқаны таңдай аласыз.

  • Есептік жазбаны таңдау. Басқару сервері қызметі (kladminserver) сіз таңдаған есептік жазбамен іске қосылады.

    Мысалы, кез келген шығарылымдағы SQL серверін, соның ішінде басқа құрылғыда орналасқан SQL-express серверін ДҚБЖ ретінде пайдалануды жоспарласаңыз және/немесе ортақ қатынасы бар қалтаны басқа құрылғыда орналастыруды жоспарласаңыз, домендік есептік жазбаны таңдауыңыз қажет болады.

    Kaspersky Security Center бағдарламасы қызметтің басқарылатын есептік жазбаларын (MSA) және қызметтің топтық басқарылатын есептік жазбаларын (gMSA) қолдайды. Доменіңізде осындай есептік жазбалар қолданылса, олардың біреуін Басқару сервері қызметі үшін есептік жазба ретінде таңдай аласыз.

    MSA немесе gMSA таңдамас бұрын, есептік жазбаны Басқару серверін орнатқыңыз келетін құрылғыға орнатуыңыз керек. Есептік жазба әлі орнатылмаған болса, Басқару серверін орнатуды болдырмасаңыз, есептік жазбаны орнатыңыз және Басқару серверін орнатуды қайта іске қосыңыз. Жергілікті құрылғыда қызметтердің басқарылатын есептік жазбаларын орнату туралы қосымша ақпаратты Microsoft ресми құжаттамасынан қараңыз.

    MSA немесе gMSA көрсету үшін:

    1. Шолу түймесін басыңыз.
    2. Пайда болған терезеде Нысан түрі түймесін басыңыз.
    3. Қызметтерге арналған есептік жазба түрін таңдап, ОК түймесін басыңыз.
    4. Қажетті есептік жазбаны таңдап, ОК түймесін басыңыз.

Сіз таңдаған есептік жазба, қандай ДҚБЖ жүйесін қолдануды жоспарлап жатқаныңызға байланысты әртүрлі құқықтарға ие болуы тиіс.

Қауіпсіздік мақсатында, Басқару сервері іске қосылатын есептік жазбаға артықшылық бермеңіз.

Алдағыда Басқару сервері есептік жазбасын өзгерткіңіз келсе, Басқару сервері есептік жазбасын ауыстыру утилитасын (klsrvswch) пайдалана аласыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

ДҚБЖ-мен жұмыс істеуге арналған есептік жазбалар

Kaspersky Security Center орнатқаннан кейін жүйеде орын алған өзгерістер

Негізгі орнату сценарийі

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.