Windows басқаруындағы құрылғыны дыбыссыз режимде қашықтан орнатуға дайындау

2024 ж. 29 наурыз

ID 13273

Windows басқаруындағы құрылғыны дыбыссыз режимде қашықтан орнатуға дайындау үшін:

клиент құрылғысында қажетті кілттер жиынтығы бар пәрмен жолынан riprep.exe файлын іске қосыңыз.

Утилитаның пәрмен жолының синтаксисі:

riprep.exe [-silent] [-cfg CONFIG_FILE] [-tl traceLevel]

Кілттердің сипаттамалары:

  • -silent – утилитаны дыбыссыз режимде іске қосу.
  • -cfg CONFIG_FILE – утилитаның конфигурациясын анықтау, мұндағы CONFIG_FILE – конфигурация файлына апарар жол (.ini кеңейтімі бар файл).
  • -tl traceLevel – трассалау деңгейін белгілеу, мұндағы traceLevel – 0-ден 5-ке дейінгі сан. Кілт белгіленбесе, 0 мәні қолданылады.

Утилитаны дыбыссыз режимде іске қосу нәтижесінде сіз келесі тапсырмаларды орындай аласыз:

  • файлдарға қарапайым ортақ қатынасты өшіру;
  • клиент құрылғысында Server қызметін іске қосу;
  • порттарды ашу;
  • жергілікті есептік жазбаны жасау;
  • пайдаланушының есептік жазбасын басқаруды (UAC) өшіру.

Құрылғыны қашықтан орнатуға дайындау параметрлерін -cfg кілтінде көрсетілген конфигурациялық файлда белгілей аласыз. Бұл параметрлерді белгілеу үшін конфигурациялық файлға келесі ақпаратты қосу керек:

  • Common бөлімінде қандай тапсырмаларды орындау керектігін көрсетіңіз:
    • DisableSFS – файлдарға қарапайым ортақ қатынасты өшіру (0 – тапсырма өшірулі; 1 – тапсырма қосулы).
    • StartServer – Server қызметін іске қосу (0 – тапсырма өшірулі; 1 – тапсырма қосулы).
    • OpenFirewallPorts – қажетті порттарды ашу (0 – тапсырма өшірулі; 1 – тапсырма қосулы).
    • DisableUAC – есептік жазбаларды басқаруды өшіру (0 – тапсырма өшірулі; 1 – тапсырма қосулы).
    • RebootType – пайдаланушының есептік жазбасын басқару (UAC) өшірілгенде қайта іске қосу қажет болған кездегі жүріс-тұрысты анықтау. Келесі параметр мәндерін пайдалануыңызға болады:
      • 0 – құрылғыны ешқашан қайта іске қоспау;
      • 1 – егер утилитаны іске қоспас бұрын пайдаланушы есептік жазбаны басқару қосулы болса, құрылғыны қайта іске қосу;
      • 2 – егер утилитаны іске қоспас бұрын пайдаланушы есептік жазбаны басқару қосулы болса, құрылғыны күштеп қайта іске қосу;
      • 4 – құрылғыны әрқашан қайта іске қосу;
      • 5 – құрылғыны әрқашан күштеп қайта іске қосу.
  • UserAccount бөлімінде есептік жазба атауын (user) және оның құпиясөзін (Pwd) көрсету.

Конфигурациялық файл мазмұнының мысалы:

[Common]

DisableSFS=0

StartServer=1

OpenFirewallPorts=1

[UserAccount]

user=Admin

Pwd=Pass123

Утилитаның жұмысы аяқталғаннан кейін, іске қосу қалтасында келесі файлдар жасалады:

  • riprep.txt – утилитаның жұмыс істеу кезеңдері мен оларды жүргізу себептері атап көрсетілген жұмыс туралы есеп;
  • riprep.log – трассирлеу файлы (белгіленген трассирлеу деңгейі 0-ден үлкен болса жасалады).

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.