Бағдарламаларды бұлтты ортадағы құрылғыларға орнату

2024 ж. 7 ақпан

ID 148800

Барлығын жаю | Барлығын жию

Бұлтты ортадағы құрылғыларға келесі "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын орнатуға болады: Kaspersky Security for Windows Server (Windows операциялық жүйесі бар құрылғылар үшін) және Kaspersky Endpoint Security for Linux (Linux операциялық жүйесі бар құрылғылар үшін).

Қорғанысты орнатқыңыз келетін клиент құрылғылары, Kaspersky Security Center-дің бұлтты ортада жұмыс істеуі үшін қойылған талаптарға сай келуі тиіс. AWS даналарына, Microsoft Azure виртуалды машиналарына немесе Google виртуалды машиналарының даналарына бағдарламаларды орнату үшін ағымдағы лицензияңыз болуы тиіс.

Kaspersky Security Center 14.2 келесі сценарийлерді қолдайды:

  • Клиент құрылғысы API көмегімен анықталды; орнату да API арқылы орындалады. Бұл сценарийге AWS және Azure бұлтты ортасы үшін қолдау көрсетіледі.
  • Клиент құрылғысы Active Directory, Windows домендері немесе IP ауқымдары сауалнамасы арқылы анықталады; орнату Kaspersky Security Center арқылы жүзеге асырылады.
  • Клиент құрылғысы Google API көмегімен анықталды; орнату Kaspersky Security Center арқылы орындалады. Бұл сценарийге тек Google Cloud үшін қолдау көрсетіледі.

Бағдарлама орнатудың басқа тәсілдеріне қолдау көрсетілмейді.

Бағдарламаларды виртуалды құрылғыларға орнату үші орнату пакеттерін қолданыңыз.

Бағдарламаны AWS API немесе Azure API арқылы даналарға қашықтан орнату тапсырмасын жасау үшін:

  1. Консоль ағашында Тапсырмалар қалтасын таңдаңыз.
  2. Жаңа тапсырма түймесін басыңыз.

    Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

  3. Тапсырма түрін таңдау терезесінде Бағдарламаны қашықтан орнату тапсырма түрін таңдаңыз.
  4. Құрылғыларды таңдау терезесінде Басқарылатын құрылғылар\Cloud тобындағы қажетті құрылғыларды таңдаңыз.
  5. Бағдарлама орнатқыңыз келетін құрылғыларға әлі Желілік агент орнатылмаған болса, Тапсырманы іске қосу үшін есептік жазбаны таңдау бетінде Есептік жазба қажет (Желілік агент пайдаланылмайды) тармағын таңдап, терезенің оң жағында Қосу түймесін басыңыз. Пайда болған мәзірде келесіні таңдаңыз:
    • Бұлт есептік жазбасы
    • Есептік жазба
    • IAM рөлі
    • SSH сертификаты

    Әрбір рет Қосу түймесін басу арқылы бірнеше есептік деректерді ұсына аласыз. Бұлттық сегменттер әртүрлі есептік деректерді талап етсе, барлық сегменттер үшін есептік деректерді көрсетіңіз.

Бағдарламаны қашықтан орнату тапсырмасы Тапсырмалар қалтасының жұмыс аймағындағы тапсырмалар тізімінде пайда болады.

Microsoft Azure-да қауіпсіздік бағдарламаларын виртуалды машинаға қашықтан орнату, осы виртуалды машинада орнатылған скрипттердің конфигурацияланатын кеңейтімінің жойылуына әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Бұлтты ортада орналастыру

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.