Құрылғы таңдауларын конфигурациялау

2024 ж. 7 ақпан

ID 150668

Барлығын жаю | Барлығын жию

Құрылғы таңдаулары параметрлерін конфигурациялау үшін:

  1. Консоль ағашында Құрылғы таңдаулары қалтасын таңдаңыз.
  2. Қалтаның жұмыс аймағында Таңдау қойыншасына өтіп, реттелмелі құрылғы таңдаулары тізіміндегі өзіңізге қажетті құрылғы таңдауларын таңдаңыз.
  3. Таңдау сипаттары түймесін басыңыз.
  4. Ашылған сипаттар терезесінде келесі параметрлерді белгілеңіз:
    • Таңдаудың жалпы параметрлері.
    • Құрылғы осы таңдауға қосылуы үшін орындалуы керек шарттар. Шарттарды конфигурациялау үшін шарттардың атауын таңдап, Сипаттар түймесін басыңыз.
    • Қауіпсіздік параметрлері.
  5. OK түймесін басыңыз.

Параметрлер қолданылған және сақталған.

Төменде құрылғыларды таңдауға жатқызу шарттарының параметрлері сипатталған. Шарттар логикалық "немесе" бойынша біріктіріледі: ұсынылған шарттардың кем дегенде біреуін қанағаттандыратын құрылғылар таңдауға түседі.

Жалпы

Жалпы бөлімінде таңдау шартының атауын өзгертуге және осы шартты кері қайтару қажет пе екенін көрсетуге болады:

Таңдау шартын кері қайтару

Желі

Желі бөлімінде құрылғыларды олардың желілік деректері негізінде таңдауға қосу өлшемшарттарын конфигурациялауға болады:

  • Құрылғының атауы немесе IP мекенжайы
  • Windows домені
  • Басқару тобы
  • Сипаттама
  • IP ауқымы

Тегтер

Тегтер бөлімінде бұған дейін басқарылатын құрылғылардың сипаттамаларына қосылған кілт сөздер (тегтер) бойынша құрылғыларды таңдауға қосу өлшемшарттарын конфигурациялауға болады:

  • Кем дегенде бір көрсетілген тег сәйкес келген жағдайда қолдану
  • Тег болуы керек
  • Тег болмауы керек

Active Directory

Active Directory бөлімінде құрылғыларды олардың Active Directory деректері негізінде таңдауға қосу өлшемшарттарын конфигурациялауға болады:

Желілік белсенділік

Желілік белсенділік бөлімінде құрылғыларды олардың желілік белсенділігі негізінде таңдауға қосу өлшемшарттарын конфигурациялауға болады:

  • Бұл құрылғы тарату нүктесі болып табылады
  • Басқару серверімен байланысты үзбеу
  • Қосылым профилі ауыстырылды
  • Басқару серверіне соңғы қосылу уақыты
  • Жаңа құрылғылар желі сауалнамасымен анықталды
  • Құрылғы көрінеді

Бағдарлама

Бағдарлама бөлімінде құрылғыларды таңдалған басқарылатын бағдарламаның негізінде таңдауға қосу өлшемшарттарын конфигурациялауға болады:

  • Бағдарлама атауы
  • Бағдарламаның нұсқасы
  • Критикалық жаңартудың атауы
  • Модульдердің соңғы рет жаңартылған уақыты
  • Құрылғы Kaspersky Security Center арқылы басқарылады
  • Қауіпсіздік бағдарламасы орнатылған

Операциялық жүйе

Операциялық жүйе бөлімінде, орнатылған операциялық жүйенің негізінде құрылғыларды таңдауға қосу өлшемшарттарын конфигурациялауға болады.

  • Операциялық жүйенің нұсқасы
  • Операциялық жүйенің биттік өлшемі
  • Операциялық жүйенің қызметтік бума нұсқасы
  • Операциялық жүйе құрастырылымы
  • Операциялық жүйе шығарылымының идентификаторы

Құрылғының күйі

Құрылғының күйі бөлімінде, басқарылатын бағдарламадан құрылғы күйінің сипаттамасы бойынша таңдауға құрылғыларды қосу өлшемшарттарын конфигурациялауға болады:

  • Құрылғының күйі
  • Құрылғы күйінің сипаттамасы
  • Бағдарлама анықтаған құрылғы күйі

Қорғаныс компоненттері

Қорғаныс компоненттері бөлімінде құрылғыларды қорғаныс күйі бойынша таңдауға қосу өлшемшарттарын конфигурациялауға болады:

  • Дерекқорлардың шығарылған күні
  • Вирустарға соңғы рет тексеру уақыты
  • Анықталған қауіптердің жалпы саны

Бағдарламалар тізімдемесі

Бағдарламалар тізімдемесі бөлімінде қандай бағдарламалар орнатылғанына байланысты құрылғыларды таңдауға қосу өлшемшарттарын конфигурациялауға болады:

  • Бағдарлама атауы
  • Бағдарламаның нұсқасы
  • Өндіруші
  • Бағдарлама күйі
  • Жаңарту бойынша іздеу
  • Үйлесімді емес қауіпсіздік бағдарламасының атауы
  • Бағдарлама тегі
  • Көрсетілген тегтерсіз құрылғыларға қолдану

Жабдық тізімдемесі

Жабдық тізімдемесі бөлімінде құрылғыларды оларға орнатылған жабдық бойынша таңдауға қосу өлшемшарттарын конфигурациялауға болады:

  • Құрылғы
  • Өндіруші
  • Құрылғы атауы
  • Сипаттама
  • Құрылғы өндірушісі
  • Сериялық нөмір
  • Қойма нөмірі
  • Пайдаланушы
  • Орналасуы
  • Орталық процессор жиілігі, МГц түрінде
  • Орталық процессордың виртуалды ядролар саны
  • Қатты дискінің көлемі, ГБ түрінде
  • Жедел жадтың көлемі, МБ түрінде

Виртуалды машиналар

Виртуалды машиналар бөлімінде, бұл құрылғылардың виртуалды машиналар немесе Virtual Desktop Infrastructure бөлігі екендігіне байланысты құрылғыларды таңдауға қосу өлшемшарттарын конфигурациялауға болады:

  • Виртуалды машина болып табылады
  • Виртуалды машинаның түрі
  • Virtual Desktop Infrastructure бөлігі

Осалдықтар мен жаңартулар

Осалдықтар мен жаңартулар бөлімінде, құрылғыларды Windows Update жаңарту көздері бойынша таңдауға қосу өлшемшарттарын конфигурациялауға болады:

WUA Басқару серверіне ауысты

Пайдаланушылар

Пайдаланушылар бөлімінде құрылғыларды операциялық жүйеге кірген пайдаланушылардың есептік жазбалары бойынша таңдауға қосу өлшемшарттарын конфигурациялауға болады.

  • Жүйеге соңғы кірген пайдаланушы
  • Жүйеге кемінде бір рет кірген пайдаланушы

Басқарылатын бағдарламалардағы күйге әсер ететін мәселелер

Басқарылатын бағдарламалардағы күйге әсер ететін мәселелер бөлімінде, басқарылатын бағдарлама анықтаған ықтимал мәселелер тізіміне сәйкес құрылғыларды таңдауға қосу өлшемшарттарын конфигурациялауға болады. Егер сіз таңдаған құрылғыда кем дегенде бір мәселе болса, құрылғы таңдауға қосылады. Бірнеше бағдарлама үшін көрсетілген мәселені таңдағанда, сізде барлық тізімдерде осы мәселені автоматты түрде таңдау мүмкіндігі болады.

Құрылғы күйінің сипаттамасы

Басқарылатын бағдарламалардың құрамдастарының күйлері

Басқарылатын бағдарламалардың құрамдастарының күйлері бөлімінде, басқарылатын бағдарламалардың құрамдастарының күйлері бойынша құрылғыларды таңдауға қосу өлшемшарттарын конфигурациялауға болады:

  • Деректердің жайылып кетуіне жол бермеу күйі
  • Бірлескен жұмыс серверлерінің қорғаныс күйі
  • Пошталық серверлердің антивирустық қорғаныс күйі
  • Endpoint Sensor күйі

Шифрлау

Шифрлау алгоритмі

Бұлттық сегменттер

Бұлттық сегменттер бөлімінде, бұлттық сегменттерге сәйкес құрылғыларды таңдауға қосу өлшемшарттарын конфигурациялауға болады:

  • Құрылғы бұлттық сегментте орналасқан
  • Құрылғы API арқылы табылды

Бағдарлама құрамдастары

Бұл бөлімде Басқару консолінде орнатылған тиісті басқару плагиндері бар бағдарламалар құрамдастарының тізімі келтірілген.

Бағдарлама құрамдастары қойыншасында, таңдалған бағдарламаға қатысты құрамдастар нұсқаларының нөмірлеріне сәйкес құрылғыларды іріктеуге қосу өлшемшартын белгілеуге болады:

  • Күйі
  • Нұсқа

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.