Конфигурацияның сәтті орындалуын тексеру

2024 ж. 7 ақпан

ID 151905

Kaspersky Security Center 14.2 бағдарламасы бұлтты ортада дұрыс жұмыс істеу үшін конфигурацияланғанын тексеру үшін:

  1. Kaspersky Security Center бағдарламасын іске қосыңыз және Басқару консолі арқылы Басқару серверіне қосыла алатыныңызға көз жеткізіңіз.
  2. Консоль ағашында Басқарылатын құрылғылар\Cloud тармағын таңдаңыз.
  3. Басқарылатын құрылғылар\Cloud тобы ішінде әрбір ішкі топқа кіре отырып, Құрылғылар қойыншасында әрбір ішкі топтың барлық құрылғылары көрсетілетініне көз жеткізіңіз.

    Егер құрылғылар көрсетілмесе, оларды табу үшін тиісті бұлттық сегментке қолмен сауалнама жүргізуге болады.

  4. Саясаттар қойыншасында бағдарламалар үшін белсенді саясаттардың бар екеніне көз жеткізіңіз:
    • Kaspersky Security Center Желілік агенті.
    • Kaspersky Security for Windows Server.
    • Kaspersky Endpoint Security for Linux.

    Егер саясаттар тізімде болмаса, оларды қолмен жасауға болады.

  5. Тапсырмалар қойыншасында келесі тапсырмалардың бар екеніне көз жеткізіңіз:
    • Басқару сервері деректерін сақтық көшірмелеу.
    • Windows Server үшін жаңарту тапсырмасы.
    • Дерекқорларға қызмет көрсету.
    • Жаңартуларды Басқару серверінің қоймасына жүктеп алу.
    • Осалдықтарды және қажетті жаңартуларды іздеу.
    • Windows үшін қорғауды орнату.
    • Linux үшін қорғауды орнату.
    • Windows Server жылдам сауалнама тапсырмасы.
    • Жылдам сауалнама.
    • Linux үшін жаңартуды орнату.

    Егер саясаттар тізімде болмаса, оларды қолмен жасауға болады.

Kaspersky Security Center 14.2 бағдарламасы бұлтты ортада дұрыс жұмыс істеу үшін конфигурацияланған.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Бұлтты ортада орналастыру

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.