Виртуалды Басқару серверлері

2024 ж. 29 наурыз

ID 155204

Физикалық Басқару серверінің шеңберінде бірнеше виртуалды Басқару серверлерін құруға болады, олардың көпшілігі қосалқы Серверлерге ұқсас. Қатынасуды бақылау тізіміне (ACL) негізделген қатынасуды бөлу моделімен салыстырғанда, виртуалды Серверлер моделі анағұрлым функционалды болып келеді және оқшаулаудың үлкен дәрежесін ұсынады. Саясат пен тапсырма құрылғыларына тағайындауға арналған басқару топтарының құрылымынан басқа, әрбір виртуалды Басқару серверінің өзіндік тағайындалмаған құрылғылар тобы, өзіндік есептер жиынтығы, құрылғыларды таңдау және оқиғалар, орнату пакеттері, жылжыту ережелері және т.б. бар. MSP клиенттерін максималды түрде өзара оқшаулау мақсатында, белгілі бір тапсырмалар үшін қолданылатын виртуалды Басқару серверлерін таңдау ұсынылады. Сонымен қатар, әрбір MSP клиенті үшін виртуалды Серверді құру клиенттерге Kaspersky Security Center Web Console арқылы өз желісін басқару бойынша негізгі мүмкіндіктерді ұсынуға мүмкіндік береді.

Виртуалды Серверлер көбінесе қосалқы Басқару серверлеріне ұқсас болып келеді, алайда олардың келесі айырмашылықтары бар:

  • виртуалды Серверде көптеген жаһандық параметрлер мен өзіндік TCP порттары жоқ;
  • виртуалды Серверде қосалқы Серверлер болуы мүмкін емес;
  • виртуалды Серверде өзінің виртуалды Серверлері болуы мүмкін емес;
  • физикалық Басқару серверінде, оның барлық виртуалды Серверлерінің басқарылатын құрылғыларынан (карантин элементтері, бағдарламалар тізімдемесі және т.б.) құрылғылар, топтар, оқиғалар мен нысандар көрінеді;
  • виртуалды Сервер желіні тек оған қосылған тарату нүктелері арқылы сканерлей алады.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.