Қоймадағы файлдардың негізгі күйлері
Қауіпсіздік бағдарламалары құрылғылардағы файлдарды белгілі вирустар мен басқа қауіп төндіретін бағдарламалардың бар-жоғы тұрғысынан тексереді, файлдарға күй тағайындайды және кейбір файлдарды қоймаға орналастырады.
Мысалы, қауіпсіздік бағдарламалары келесіні жасай алады:
- файлды жоюдың алдында, оның көшірмесін қоймаға сақтай алады;
- вирус жұққан болуы мүмкін файлдарды қоймада оқшаулай алады.
Файлдардың негізгі күйлері төмендегі кестеде келтірілген. Қауіпсіздік бағдарламаларының анықтамалықтарындағы файлдармен жасалатын әрекеттер туралы толығырақ ақпаратты ала аласыз.
Қоймадағы файлдардың күйлері
Күйдің атауы | Күйдің сипаттамасы |
---|---|
Вирус жұққан | Файлда, "Лаборатория Касперского" антивирустық дерекқорларында ақпараты бар белгілі вирус кодының немесе басқа қауіп төндіретін бағдарламаның аумағы табылды. |
Вирус жұқпаған | Файлда белгілі вирустар немесе қауіп төндіретін басқа зиянды бағдарламалар табылған жоқ. |
Ескерту. | Файлда белгілі қауіп кодының бақылау аумағына ішінара сәйкес келетін код аумағы бар. |
Вирус жұққан болуы мүмкін | Файлда белгілі вирустың түрлендірілген коды немесе "Лаборатория Касперского" бағдарламасына әлі белгісіз вирусқа ұқсайтын код бар. |
Қалтаға пайдаланушы орналастырған | Пайдаланушы файлды өз бетінше қоймаға орналастырды, мысалы, файлдың әрекеті оған қауіп төндіреді деп күдіктенуге негіз болды. Пайдаланушы жаңартылған дерекқорлар арқылы файлдағы қауіптердің бар-жоғын тексере алады. |
Жалған іске қосылу | "Лаборатория Касперского" бағдарламасы вирус кодына ұқсайтындығына байланысты вирус жұқпаған файлға вирус жұққан күйін берді. Жаңартылған дерекқорларды пайдаланып тексергеннен кейін, файл вирус жұқтырмаған деп анықталады. |
Емделді | Файлды емдеу мүмкін болмады. |
Жойылды | Файл өңдеу нәтижесінде жойылды. |
Құпиясөзбен қорғалған | Файл құпиясөзбен қорғалғандықтан, өңделе алмайды. |