Дискідегі орынды есептеу (Осалдықтар мен патчтарды басқаруды пайдалануды ескере отырып және есепке алмай)

2024 ж. 29 наурыз

ID 159969

Осалдықтар мен патчтарды басқаруды пайдалануды есепке алмай, дискідегі орынды есептеу

%ALLUSERSPROFILE%\Application Data\KasperskyLab\adminkit қалтасы үшін қажетті Басқару серверіндегі орын шамамен келесі формула бойынша есептелуі мүмкін:

(724 * C + 0.15 * E + 0.17 * A), КБ

мұндағы

  • "C" – құрылғылар саны.
  • "E" – сақталатын оқиғалар саны.
  • "A" – Active Directory нысандарының жиынтық саны:
    • құрылғылардың есептік жазбалары;
    • пайдаланушы есептік жазбалары;
    • қауіпсіздік топтарының есептік жазбалары;
    • Active Directory бөлімшелері.

Active Directory сканерлеу өшірулі болса, онда "А" нөлге тең болып саналуы керек.

Осалдықтар мен патчтарды басқаруды пайдалануды ескере тырып, дискідегі қосымша орынды есептеу

  • Жаңартулар. Ортақ қатынасы бар қалтада жаңартуларды сақтау үшін қосымша кемінде 4 ГБ қажет.
  • Орнату пакеттері. Басқару серверінде ортақ қатынасы бар қалтада орнату пакеттері болған кезде орнатылатын қолда бар орнату пакеттерінің жиынтық өлшеміне тең келетін қосымша орын қажет болады.
  • Қашықтан орнату тапсырмалары. Басқару серверінде қашықтан орнату тапсырмалары болған кезде, дискіде орнатылатын орнату пакеттерінің жиынтық өлшеміне тең келетін қосымша орын керек болады (%ALLUSERSPROFILE%\Application Data\KasperskyLab\adminkit қалтасында).
  • Патчтар. Басқару сервері патчтарды орнату үшін қолданылса, онда дискіде қосымша орын керек болады:
    • Патчтарды сақтауға арналған қалтада барлық жүктелген патчтардың жиынтық өлшеміне тең келетін диск кеңістігі көлемі болуы керек. Әдепкі бойынша, патчтар %ALLUSERSPROFILE%\Application Data\KasperskyLab\adminkit\1093\.working\wusfiles қалтасында сақталады.

      Патчтарды сақтауға арналған басқа қалтаны көрсету үшін klsrvswch утилитасын пайдалануға болады. klsrvswch утилитасы Басқару серверінің орнату қалтасында орналасқан. Әдепкі бойынша орнату жолы: <Диск>:\Program Files (x86)\Kaspersky Lab\Kaspersky Security Center.

      Басқару сервері WSUS ретінде қолданылса, онда осы қалта үшін кемінде 100 ГБ резервтеу ұсынылады.

    • %ALLUSERSPROFILE%\Application Data\KasperskyLab\adminkit қалтасында – жаңартуларды (патчтарды) орнату және осалдықты түзету тапсырмасының қолда бар даналары сілтеме жасайтын патчтардың жиынтық өлшеміне тең келетін орын саны.

Сізге мына мақала пайдалы болды ма?
Нені жақсартуға болады?
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.
Пікіріңіз үшін рақмет! Сіз бізге жұмысымызды жақсартуға көмектесесіз.